Ақмола облысында Мамандандырылған Сандықтау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шаңғы трассасының жөндеуі аяқталды. Жаңартылған трасса жергілікті және қонақ спортшылар үшін жаттығуға қолайлы жағдай жасайды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мектеп директоры Валерий Ловягин атап өткендей, бұл мекеме бай тарихқа ие, 1980 жылы құрылған және шаңғы жарыстары мен биатлонға маманданған.
«Бізде 110 шаңғышы және 100 биатлоншы спортшы жаттығады. Олардың ішінен биатлон мен шаңғы жарыстары бойынша спортшыларымыз Қазақстан құрамасына кіреді. Қазір жас шаңғышыларымыз Гранд-Турдің бірінші кезеңіне – Ридер қаласына аттанады. Кеңес Одағы кезінде мектеп 20 спорт шеберін даярласа, қазір 48 спортшы бар»,-деді директор.
Екі жарым километрлік трасса толық жарықтандырылған. Бұл жаңартылған трасса спортшылар үшін өте қолайлы жағдай жасайды. Жұмыстың жоғары деңгейде орындалғаны туралы мектеп басшысы өз ризашылығын білдірді.
«Жұмысты «ЭлитСтройКомплект» компаниясы орындады, және біздің спортшыларымыз бұл жаңартылған трассадан өте разы», – деді Ловягин.
Шаңғы жарыстары бойынша жаттықтырушы Наталья Кубрина жаңартылған трассаның балалар жаттығуларына беретін маңыздылығын атап өтті:
«Бұрын жаттығуларды қараңғыда өткізуге тура келетін, сол себепті балалар жаттығу процесін толық меңгере алмайтын. Қазір жағдай жақсарды, және басқа өңірлерден де спортшылар келіп жаттығады. Ең бастысы, биыл жас балалар саны артты – спорт тәртіпті үйретіп, шынықтырады, ал шаңғы жарыстарына деген махаббат ерте жастан қалыптасады», – деп атап өтті жаттықтырушы.


