3.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЗерендіде жастар арасында құқықтық мәдениет күшейтілуде

Зерендіде жастар арасында құқықтық мәдениет күшейтілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ауданда «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында мектеп оқушыларына арналған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға прокуратура, қылмыстық полиция бөлімі, мектеп әкімшілігі, дебат қозғалысы өкілдері және оқушылар белсенді қатысты, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Зеренді ауданының прокуроры Мадияр Әбденкұл оқушыларға құқықтық тәртіптің маңызы туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол аудан бойынша тіркелген құқықбұзушылықтар жайлы айта отырып, жастардың әрбір әрекеті болашаққа әсер ететінін ерекше атап өтті.

«Жалпы аудан бойынша 228 оқиға орын алған. Түнгі 22:00-ден кейін балалардың далада жүруі сияқты мәселелер жиі кездеседі. Сіздердің жасаған құқықбұзушылықтарыңыз болашақ өмірлеріңізге кері әсер ететінін ұмытпаңыздар. Ақпараттық жүйеде барлық деректер көрініп тұрады. Сол үшін әр іс алдында өздеріңізге „Бұл істі жасауға тұрарлық па?“ деген сұрақ қойыңыздар», – деді прокурор.

Оның айтуынша, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізіліп, жастарға қатысты талаптар күшейтілген.

Қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Руслан Ерғалиев оқушылармен тікелей кері байланыс жасап, олардың сұрақтарына жауап берді. Ол құқықбұзушылықтың алдын алу үшін полиция мен мектеп арасындағы өзара әрекеттің маңызын атап өтті.

Зеренді ауданының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Әуелбек Такетов мектепте «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» қағидатына ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

«Осы бағытта көптеген тәрбие сағаттары өтеді. Оған ішкі істер органдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, балаларға олардың жауапкершілігі туралы түсіндіреді. Пікірталас, викторина сияқты іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Буллинг мәселесі де назарда, ұстаздар арнайы курстардан өтіп отырады», – деді мектеп директоры.

Сонымен қатар, оқушылардың құқықтық сауаты артып келеді. Мектеп оқушысы Гүлназ Қадырбекова іс-шаралардың оқушыларға берер пайдасы мол екенін атап өтті.

«Бізге прокурорлар келіп дәріс оқиды, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Викторина, дебат сияқты үйірмелер бар. Біз өз құқықтарымызды жақсы білеміз. Буллинг мәселесіне жол бермеуге тырысамыз», – дейді ол.

Сондай-ақ, ауданда дебат қозғалысы дамып келеді. Зеренді ауданы бойынша дебат қозғалысының жетекшісі Сәндікөз Нұршәріп те бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынды жүріп жатқанын хабарлады.

«Жақында аймақтық лигада 40-қа жуық команда қатысты. Қазір „Заң мен тәртіп“ аясында аудандық дебат турнирі өтіп жатыр. Жеңген команда облыстық деңгейге жолданады», – деді ол.

Зеренді ауданында өткен «Заң және тәртіп» тақырыбындағы іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға, оқушылардың жауапкершілігін күшейтуге және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды. Мұндай шаралар балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың саналы азамат болып өсуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
3.2 ° C
3.2 °
3.2 °
93 %
7kmh
75 %
Вт
5 °
Ср
4 °
Чт
0 °
Пт
-1 °
Сб
1 °

Соңғы мақала