2.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЕрейментауда балаларға арналған шығармашылық орталық толық абаттандырылды

Ерейментауда балаларға арналған шығармашылық орталық толық абаттандырылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ерейментау қаласында балалардың қабілетін ашып, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін маңызды нысандардың бірі — Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы биыл толық жаңартылды. Жаз айларында жүргізілген күрделі жөндеу нәтижесінде орталықтың ғимараты да, аумағы да заманауи талаптарға сай абаттандырылды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Жөндеу барысында ғимараттың шатыры толық ауыстырылып, қабырғалары минералды мақтамен оқшауланды және жаңа сайдингпен қапталды. Пластик терезелер мен сапалы есіктер орнатылып, ішкі қабырғалар декоративті панельдермен әрленді. Еденге төзімді линолеум төселіп, үй-жайдың жалпы көрінісі мен қолайлылығы айтарлықтай жақсарды.

Сонымен қатар, сыртқы аумақ та назардан тыс қалмады. Орталық маңайы толық абаттандырылып, асфальт төселді, брусчатка қойылды, жаңа бордюрлер орнатылды.

«Жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында орталықта балалар мен педагогтер үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасы құрылды», — дейді орталық директоры Наталья Курникова.

Орталық директоры Наталья Курникованың айтуынша, бүгінде мұнда 600-ден астам бала түрлі бағыттағы үйірмелерге қатысады. Шығармашылық және білім беру жұмыстары бес бағыт бойынша 18 үйірмеде жүргізіледі.

Балалар КВН, вокал, «Лидер» клубы секілді бірлестіктерде өнер көрсетеді. Сонымен қатар тігін, тоқу, сән театры, моншақпен безендіру, дебат сияқты үйірмелер де үлкен сұранысқа ие. «Қызықты ағылшын», «Қазақ тілін үйренеміз» сабақтарына қатысып, білімін жетілдіретін оқушылар да аз емес. Робототехника, шахмат, тоғызқұмалақ секілді интеллектуалды үйірмелер де қарқынды дамуда.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға да ерекше көңіл бөлінген. «Дамыту» үйірмесіне қатысатын тәрбиеленушілерге арнайы жабдықталған жеке кабинет, көрнекілік құралдары, пандус және арнайы санитарлық торап қарастырылған.

Жаңартылған мекеме енді Ерейментау балаларының шығармашылығын ашуға, жаңа қабілеттерді дамытуға және бос уақыттарын тиімді өткізуге бұрынғыдан да көбірек мүмкіндік беріп отыр.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
2.2 ° C
2.2 °
2.2 °
93 %
5kmh
100 %
Вт
3 °
Ср
5 °
Чт
4 °
Пт
1 °
Сб
1 °

Соңғы мақала