Ақкөл қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектеп өзінің дамуындағы жаңа кезеңге қадам басты. 2025 жылы реновация аясында мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Реновация жұмыстарына ғимараттың қасбетін толық жаңарту, сумен және электрмен жабдықтау жүйелерін, өрт қауіпсіздігі жүйесін, есік блоктарын ауыстыру, керамогранит төсеу, аспалы төбелер орнату кірді. Ішкі кеңістіктің эстетикалық тартымдылығына және эргономикасына ерекше көңіл бөлінді: оқу кабинеттері, рекреациялық аймақтар, спорт залы, асхана және санитарлық тораптар жаңартылды.
Сонымен қатар, жөндеумен бірге мектеп жаңа жиһазбен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Интерактивті панельдер, жаңа жиһаз жиынтықтары мен оқу-зертханалық құралдар сатып алынды, бұл цифрлық технологиялар мен STEM-білім беруді тиімді енгізуге мүмкіндік береді.
«Мектептің жөндеуі – бұл тек ғимаратты жаңарту ғана емес, сонымен қатар бүкіл білім беру ортасының жаңару символы болды. Жаңартылған кабинеттер мен кеңістіктер енді ашық, қауіпсіз және инновациялық оқыту философиясын бейнелейді. Мектеп кеңістігі аймақтарға бөліну қағидаттары бойынша ұйымдастырылған: оқу, демалу, қарым-қатынас және шығармашылық аймақтары бар», – деп айтты мектеп директоры Инна Ганькевич.
Реновацияның маңызды бағыттарының бірі – мектептің брендбугін жасау болды. Бұл оқу орнының бірегейлігі мен құндылықтарын бейнелейтін заманауи визуалды және идеялық стандарт.
Брендбук құрамына мыналар кіреді:мектептің логотипі мен фирмалық түстері, стендтер, кабинеттер мен рекреациялардың дизайны.
Брендбуктың басты идеясы – мектептің даралығын айқындау, дәстүрлерді сақтап, оларды заманауи үрдістермен ұштастыру. Осылайша мектеп ерекше келбетін қалыптастырып, оқушыларда өз оқу орнына деген мақтаныш пен тиістілік сезімін арттырды.
«Бүгінде Ақкөл қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектеп – инновациялар мен дәстүрлер, жайлылық пен стиль, білім мен тәрбие тоғысқан заманауи білім ордасы», – деп түйіндеді Инна Ганькевич.


