Қазан айының соңғы жексенбісі — автожол саласы қызметкерлерінің күні. Жыл басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы бұйрық шығарып, кәсіби мерекелер тізбесіне осындай өзгеріс енгізді. Өйткені күрежолдардың құрылысы, күтімі мен сапасы — қыруар жұмыс, маңызды стратегиялық бағыт. Қазақстан шығыс пен батысты жалғаған транзиттік ел. Қазір 25 мыңға жуық отандасымыз осы салада еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.
Оның ішінде «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының мемлекеттік есеп және сапаны бақылау бөлімінің жол инженері Абылай Төлеуов те бар. Жасына қарамастан, бүгін ол жол саласында үлкен тәжірибеге ие және болашақты үлкен үміт күттіретін қызметкерлерінің бірі.
Абылай Төлеуов Зеренді ауданы, Ортақ ауылында дүниеге келген. Мектепте оқып жүргенде жолшы мамандығы туралы ойланбадым, — дейді ол. Бірақ мектепті бітіргеннен кейін жас Абылай дұрыс таңдау жасау керектігін түсінді, өйткені оның болашағы осы таңдауға байланысты. Оны жол құрылысшысы мамандығы қызықтырды, көп ойланғаннан кейін Абылай колледжге «жолдар мен аэродромдар құрылысы»мамандығы бойынша оқуға түсті.
2012 жылы Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде оқуын сәтті аяқтап, бір жылдан кейін автомобиль жолдары комитеті жанындағы «Ақмолажолзертханасы» өңірлік мемлекеттік мекемесіне жұмысқа келді. Жас маман үшін жол саласының қызықты әлемі ашылды, ол жұмыс істеуге және өз саласында кәсіби болуға деген ұмтылыста болды. Жұмыс істеп қана қоймай, Абылай Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясында жоғарғыбілім алды. Он жылға жуық уақыт ішінде Абылай сынақ зертханасында лаборант, сарапшы, жол-құрылыс материалдары жөніндегі инженер болып қызметтенуге үлгерді.
2019 жылы «Ақмолажолзертханасы» РММ біріктіру арқылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожолдар Комитетінің жол активтері Ұлттық сапа Орталығының Ақмола облыстық филиалы болып атанды. Ұйымның алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылды, ал біздің кейіпкеріміз жұмысын мемлекеттік есеп және сапаны бақылау бөлімінің жол инженері ретінде жалғастырды.
«Алғашқы жылдары маған аға әріптестер көмектесіп, мамандықтың шынайылығын түсіндіріп, тәжірибе алмасты. Сол кезде Ақмола облысының жол-құрылыс саласында көптеген маңызды және ауқымды жобалар іске қосылып, жүзеге асырылды. Мен жол салушының жұмысы өте маңызды екенін, біздің өңіріміз қалай дамитынына, азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығына біздің қызметіміз тікелей ықпал ететініне көзім жетті. Қазір мен өңірдің де, елдің де көптеген жетістіктерін көріп отырмын.Жүздеген шақырым жолдар салынды және жөнделді, алда көптеген жоспарлар бар. Мен кейбір жобаларды іске асыруға қатысып, оған өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын», — дейді Абылай Төлеуов.
Бүгінде Абылай Төлеуов филиал қызметінің ең жауапты бағыттарында жұмыс істейді. Көбінесе өңірдің әр аймақтарына барып, инспекциялық тексерістерге, автожолдар диагностикасын жүргізуге және проблемалық учаскелерге баруға тура келеді. Осы сәттерде Абылай өзің білімді әрі білікті маман ретінде көрсете білді.
«Автожол учаскелеріне барған кезде азаматтар алдында әрқашан жауапкершілікті сезінесің және болашақта қандай жолдар болатыны жұмысты қалай орындайтындығыңа байланысты болады. Әр жұмыс күні мен үшін қуанышты оқиға. Мысалы, жылжымалы жолзертханасына барған кезде ақаулардың болуына жол жабынының диагностикасын жүргіземіз, көктемгі-жазғы, күзгі-қысқы тексерулер бар.Олардың нәтижелері бойынша біз жолдардың қай учаскелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі туралы ұсыныстар жасаймыз. Біз әрқашан басқа жол ұйымдарымен және қызметтері мен өзара іс — қимылжасаймыз, жұмыстың түпкілікті нәтижесі әрқашан осыған байланысты болады», — дейді Абылай.
Осы жылы өңірде 900-ға жуық шақырым жол жөнделді. Ал жол-құрылыс материалдарының сараптамасы және сапаны бақылау бағытында «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облыстық филиалы басты рөл атқарды.


