-11.4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҰрымқай ауылында жаңартылған Мәдениет үйі өз есігін ашты

Ұрымқай ауылында жаңартылған Мәдениет үйі өз есігін ашты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Республика күні қарсаңында Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйі қайта ашылды. Жаңартылған ғимарат ауыл тұрғындарының шығармашылығы мен бос уақытын тиімді өткізуге арналған заманауи орталыққа айналды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында аталған нысанда болды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Мекеме ғимараты толық жаңартылды: терезелер мен есіктер ауыстырылып, инженерлік желілер жөнделді, LED-экрандар мен заманауи музыкалық жабдықтар орнатылды. Көрермен залы 200 адамға арналған.

Облыс әкімі тұрғындарды нысанның ашылуымен құттықтап, ауылдың мәдени өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін ұжымға алғысын білдірді және орталықты дамытуға арналған ақшалай сертификат табыс етті.

«Бүгін Ұрымқай ауылы үшін маңызды әрі қуанышты күн. Күрделі жөндеуден кейін мұнда шығармашылық пен қарым-қатынасқа арналған заманауи кеңістік құрылды. Барлық тұрғындарды осы қуанышты оқиғамен құттықтаймын. Бұл жаңарған орталық әр буын өкілдері бас қосатын, таланттарын дамытып, тәжірибе алмасатын және бос уақытын пайдалы өткізетін орынға айналады», – деді Марат Ахметжанов.

Мекемедегі кітапхана да жаңартылды – жаңа техника алынып, кітап қоры толықтырылды.

«Біз кітапхананың толығымен жаңарғанына өте қуаныштымыз. Заманауи техника келді, жаңа кітаптар қосылды – бұл біз үшін де, ауыл тұрғындары үшін де үлкен қуаныш. Қазіргі таңда кітап қорымыз 5 мыңнан астам дананы құрайды, оның 2800-і – мемлекеттік тілде. Мұның бәрі жастардың дамуына үлес қосады, өйткені кітап – білім мен шабыттың қайнар көзі», – деді шығармашылық орталығының қызметкері.

Ауыл тұрғындары елді мекеннің көркеюі мен инфрақұрылымының жаңаруына көрсетілген қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

«Бізде Мәдениет үйі мен аурухана жаңартылды, су құбыры тартылды. Ауылдағы өмір әлдеқайда жайлы бола түсті. Барлық тұрғындарды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын, денсаулық пен амандық тілеймін», – деп бөлісті ауыл тұрғыны Батима Жапарова.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-11.4 ° C
-11.4 °
-11.4 °
89 %
6.7kmh
100 %
Вт
-12 °
Ср
-13 °
Чт
-12 °
Пт
-6 °
Сб
-4 °

Соңғы мақала