-9.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБурабай ауданында медициналық нысандар жөндеуден өтті

Бурабай ауданында медициналық нысандар жөндеуден өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Республика күні қарсаңында Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында күрделі жөндеуден өткен дәрігерлік амбулатория ашылды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында жаңартылған нысанды аралап көрді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Медициналық мекеме толық жаңартылды: терезелер мен есіктер ауыстырылды, инженерлік желілер жаңартылып, қабылдау және процедура бөлмелері жабдықталды, дәріхана пункті ашылды. Күрделі жөндеу жұмыстары «Журавлевка-1» ЖШС демеушілік есебінен жүргізілді. Барлық жұмыстарды орындауға бес ай уақыт кеткен.

Облыс әкімі ауыл тұрғындарын амбулаторияның ашылуымен құттықтап, бұл оқиғаның ауыл өмірі үшін маңызды екенін атап өтті.

«Енді сіздер медициналық қызметтерді өз үйлеріңізге жақын жерде, заманауи ғимаратта ала аласыздар. Амбулатория халық игілігі үшін ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, дәрігерлер әр науқасқа жанашырлықпен қарасын деп тілеймін», – деді Марат Ахметжанов.

Амбулатория базасында 147 пациентке тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жеңілдетілген дәріхана жұмыс істейді.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында өңір басшысы Қызылғаш ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке барды. Мұнда да күрделі жөндеу жұмыстары бизнес қауымдастығының әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Алмата Инженер Строй» ЖШС есебінен жүргізілген. Медициналық нысан 900-ден астам ауыл тұрғынына қызмет көрсетеді

 

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-9.8 ° C
-9.8 °
-9.8 °
79 %
5kmh
0 %
Пт
-9 °
Сб
-9 °
Вс
-10 °
Пн
-5 °
Вт
-3 °

Соңғы мақала