-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарОблыста тұрғындар үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізілуде

Облыста тұрғындар үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өңірде жаңа технологияларды белсенді түрде енгізіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуда. Бұл тұрғындар үшін де, мемлекеттік органдар үшін де жұмысты әлдеқайда ыңғайлы әрі тиімді етеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Қазір Digital Aqmola жүйесі арқылы көлік, коммуналдық қызмет, экология және әлеуметтік жағдай туралы барлық мәлімет бір жерге жиналады. Бұл мәселелерді дер кезінде анықтап, шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

«Енді тұрғындар телеграм-бот арқылы өтініш бере алады. Мысалы, жарық, су, абаттандыру сияқты мәселелер бойынша хабарлама қалдыруға болады. Өтініш автоматты түрде тіркеліп, орындалғанша бақылауда болады. Жақын уақытта WhatsApp-бот та қосылады»,-деп атап өтті Айдар Аубакиров.

Сонымен бірге 109 және 112 жедел қызметтері бір жүйеге біріктірілді. Алдағы уақытта 103 пен 102 де қосылады. Бұл — барлық жедел қызметке тұрғындардың өтініштерін бір жерден бақылауға және жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды жоба — «Цифрлық егіз». Бұл аудандардың интерактивті картасы. Ал ауыл шаруашылығында жасанды интеллект пен заманауи технологиялар қолданылып жатыр. Олар өнімділікті болжауға және ресурстарды үнемдеуге көмектеседі.

Мұның бәрі — өңірдегі өмір сапасын арттыруға бағытталған қадамдар. Цифрлық жүйелер тұрғындарға қызметті жылдам әрі ыңғайлы алуға жол ашады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
93 %
4kmh
75 %
Сб
-0 °
Вс
-1 °
Пн
-3 °
Вт
-18 °
Ср
-16 °

Соңғы мақала