3.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚараөткел ауылында таза ауыз су желісі жүргізілуде

Қараөткел ауылында таза ауыз су желісі жүргізілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қараөткел ауылы тұрғындары таза сумен қамтылады. Ауылдың жағдайын жақсартып, тұрғындардың өмірін жеңілдетуге бағытталған таза ауыз су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Жоба бойынша ұзындығы 24 шақырымнан асатын су құбыры тартылып, ауылдағы 22 көше орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң су желісі Целиноград Су арнасы кәсіпорнының балансына беріліп, әрі қарай тұрақты қызмет көрсетіледі.

«Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қаржыландыру уақтылы жүргізілген жағдайда, жыл соңына дейін барлық көшелерге су беріледі деп жоспарлануда»,-деді басшылық.

Таза ауыз суға қолжетімділік — тұрғындардың денсаулығын қорғауға және ауылдағы өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін маңызды фактор. Жоба іске асқан соң Қараөткел ауылының тұрғындары үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
3.2 ° C
3.2 °
3.2 °
44 %
6kmh
0 %
Пт
4 °
Сб
5 °
Вс
8 °
Пн
10 °
Вт
7 °

Соңғы мақала