-6.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСерафимовкада су жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Серафимовкада су жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Малик Ғабдуллин ауылдық округіне қарасты Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды, деп хабалайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен шамамен 80 миллион теңге бөлінді. Жоба аясында ұзындығы 3 шақырымды құрайтын су құбыры желілері жаңартылып, сыйымдылығы 25 м³ болатын жаңа су мұнарасы орнатылды. Барлық жұмыстар сапалы атқарылып, техникалық талаптарға толық сәйкес жүргізілді.

Қазіргі таңда ауылда шамамен 200 адам тұрады. Бұған дейін ауыз су жүйесі ескі болғандықтан, тұрғындар тұрақты әрі сапалы сумен қамтылуда қиындықтарға тап болып келген еді. Енді жаңа жүйе ауыл халқын таза ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның жүзеге асырылуы ауыл инфрақұрылымын дамытуға да серпін бермек. Жаңартылған сумен жабдықтау жүйесі сенімді әрі тұрақты жұмыс істейді, бұл өз кезегінде тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, бұл өзгерістер елді мекеннің дамуына оң әсер ететініне сенім білдіруде.

«Біз үшін таза және тұрақты су — ең маңызды мәселенің бірі болатын. Енді бұл проблема шешілді. Бұл — ауыл өміріне жаңа серпін береді», — дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту — ауылдарды дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі бағыттарының бірі. Серафимовкадағы бұл жоба соның айқын дәлелі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-6.8 ° C
-6.8 °
-6.8 °
95 %
5kmh
100 %
Пн
-7 °
Вт
-17 °
Ср
-13 °
Чт
-7 °
Пт
-5 °

Соңғы мақала