-4.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Ауыл – Ел бесігі»: Зерендідегі мектептер жаңа келбетке ие болды

«Ауыл – Ел бесігі»: Зерендідегі мектептер жаңа келбетке ие болды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Зеренді ауданында ауылдық білім беру жүйесін нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыстар сәтті аяқталды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бес бірдей ауыл мектебінде күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа оқу жылы оқушылар үшін заманауи және қауіпсіз ортада басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба арқылы Васильковка, Қонысбай, Приречное, Өркен және Зеренді ауылдарындағы білім ордалары толық жаңғыртылды. Нәтижесінде 1100-ден астам оқушы жаңартылған мектептерге қадам басты.

Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттардың қасбеттері мен ішкі бөлмелері қайта жаңартылып, инженерлік жүйелер толық ауыстырылды. Оған қоса бейнебақылау және өрт дабылы жүйелері орнатылып, мектеп аумақтары абаттандырылды. Бұл ауыл балаларының білім алуына барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

«Жаңарған мектептер ауыл балалары үшін дамудың нағыз орталығына айналды. Мұндай қолайлы жағдайлар білім сапасын арттырып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді»,-деді Зеренді ауданының білім бөлімі өкілдері.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы тек білім беру саласында ғана емес, ауылдық елді мекендердің жалпы әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Бұл бағдарлама арқылы ауыл тұрғындарының өмір сапасы артып, ауыл мектептері қалалық деңгейдегі заманауи стандарттарға біртіндеп жақындап жатыр.

Мұндай жобалар ауыл балаларына сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
few clouds
-4.7 ° C
-4.7 °
-4.7 °
63 %
4.6kmh
20 %
Ср
5 °
Чт
7 °
Пт
8 °
Сб
7 °
Вс
6 °

Соңғы мақала