3.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмолалық ұстаз Президент қолынан марапат алды

Ақмолалық ұстаз Президент қолынан марапат алды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кәсіби мерекесі қарсаңында ақмолалық ұстаз үлкен құрметке ие болды. Ерейментау қаласындағы Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі Оксана Забиякина білім саласындағы еңбегі үшін Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оксана Сергеевна 20 жылдан бері шағын мектепте биология және химия пәндерінен сабақ береді. Ұстаздық жолда ол жаңашылдығымен, әрбір сабағына шығармашылықпен қарауымен ерекшеленді.

Оның «Ағылшын тілінде биология және химия пәндерін оқыту жүйесі» атты тәжірибесі республика мұғалімдерінің озық тәжірибе банкіне енгізілген. Бұл еңбегінің кәсіби ортада да жоғары бағаланғанын көрсетеді.Ұстаз марапат алған сәттегі әсерімен бөлісіп, қуанышын жасыра алмады.

«Әрине, Президенттің қолынан марапат алу бұл өмір бойы есте қалатын ерекше оқиға. Бұл үлкен әсер мен эмоция сыйлаған толқытатын сәт. Президенттің ұстаздарға көрсетіп отырған қолдауы бізге жаңа бастамаларға, жаңа технологияларды енгізуге, шәкірттерімізді түрлі олимпиадалар мен байқауларға дайындауға шабыт береді», – деді ол.

Оксана Забиякина шәкірттерімен бірге де үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Оның тәрбиелеген оқушылары республикалық және облыстық олимпиадаларда жүлделі орындар иеленіп, ұстаз еңбегін лайықты дәрежеде жалғастыруда.

Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі мен білімге деген сүйіспеншілігі үшін марапатталған ұстаз – жас мамандарға да, оқушыларға да үлгі боларлық тұлға.
Сондай ақ, ол ағылшын тілінде биология мен химияны оқытуға арналған бірнеше оқу құралдарының авторы. Атап айтқанда, «Botany in English», «Biology in English», «Chemistry in English» сияқты оқу-әдістемелік құралдары бар. Сонымен қатар, 8–11-сыныптарға арналған биологиядан дидактикалық материалдар жинақтарын әзірлеген. Сабақ барысында STEAM тәсілін тиімді қолданып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға басымдық береді.

Ел Президенті атап өткендей, сапалы білім мен ұстаз мәртебесін көтеру – ұлттың жарқын болашағына бастайтын басты жол.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
3.2 ° C
3.2 °
3.2 °
41 %
9kmh
0 %
Ср
5 °
Чт
7 °
Пт
7 °
Сб
6 °
Вс
4 °

Соңғы мақала