-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖолшылардағы ашық есік күні

Жолшылардағы ашық есік күні

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда болашақ жолшылар үшін ашық есік күні өтті. Жоғары техникалық колледждің студенттері Ақмола облысы бойынша РМҚ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалына барып, өндірістік үдеріс пен жол салушылардың жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Белгілі болғандай, жол-құрылыс саласы әрқашан білікті кадрларға мұқтаж. Автожол саласындағы кадр тапшылығын шешу үшін өткен жылдан бастап білікті жолшыларды даярлауға мемлекеттік білім гранттары бөлінуде. Көкшетауда жолшылардың басты «ұстаханасы» болып саналатын Жоғары техникалық колледжде қазір «автомобиль жолдары мен аэродромдардың құрылысы» мамандығы бойынша ондаған студент оқып жүр. Сол болашақ мамандар облыстық филиалдың қонағы болды.

Студенттер үшін қызықты экскурсияны филиалдың сынақ зертханасының меңгерушісі Руслан Күлиясов жүргізді. Ол жолшы мамандығының қыр-сырын түсіндіріп, саланың артықшылықтары мен болашағы туралы айтып берді.

«Кәсіптік бағдарлау шаралары тұрақты өткізіледі. Біз әрқашан оқушылармен, студенттермен кездесеміз. Автожол саласының артықшылықтары туралы айтып, қай жерде оқып, жоғары білім алуға болатынын түсіндіреміз. Жастар да қызығушылық танытып, сұрақ қояды, филиалға экскурсияға келеді. Қуантатыны – кері байланыс бар. Бұл жұмыстың нәтижесін 3-4 жылда көреміз деп ойлаймыз. Қазір техникалық кадрларды даярлау үшін жағдай жасалуда: гранттар, стипендиялар бөлінеді», деді Руслан Күлиясов.

Студенттерге жол-құрылыс материалдарының қалай сынақтан өтетіні, мамандар қандай құрал-жабдықтарды пайдаланатыны көрсетілді. Болашақ жолшылар өндірістік үдерісті өз көздерімен көріп, мамандықтың маңызын түсінді. Сонымен қатар, Руслан Құлжасов автомобиль жолдарының сапасы қандай факторларға байланысты екенін түсіндірді. Жалпы, студенттер пайдалы ақпараттың мол көлемін алып, жолшы мамандығына зор қызығушылық танытты.

«Әрине, көп жастар үшін жолшы мамандығы беделсіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ қазіргі шындыққа қарасақ, технология дамуда, еңбек жағдайлары жақсаруда, еңбекақы өсуде, жұмыс орындарының таңдауы кеңейіп жатыр. Жаңа кадрларға сұраныс жоғары. Статистика көрсеткендей, жолшы мамандығы бойынша колледждер мен ЖОО түлектері жұмыс табуда өзгелерге қарағанда әлдеқайда жылдам», – деп қосты ол.

Сонымен бірге филиал өңірде «2000 мектеп» акциясы аясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді. Мұндай шаралар оқушыларға дұрыс таңдау жасап, өмірде өз орнын табуға көмектеседі. Профориентациялық жұмыс жалғасын табады. Өткен жылы ғана жолшылар Ақмола облысының барлық 17 ауданында және үш қаласында осындай кездесулер өткізген.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
55 %
5kmh
0 %
Ср
-1 °
Чт
7 °
Пт
7 °
Сб
4 °
Вс
5 °

Соңғы мақала