Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан ауылында көше жарығын орнату жұмыстары басталды. Бұл ауылда шамамен 5 мыңға жуық адам тұрады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Заманауи жарықтандыру Сейфуллин, Мұнайтпасов, Ахметбеков және Қалдаяқов көшелерінде пайда болады. Барлық бағаналар СИП маркалы сенімді сымдармен жабдықталып, желінің қауіпсіздігі мен ұзақ қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Жаңа шамдар ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың қауіпсіздігін де арттырады. Жергілікті халық бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдады.
«Ауылымыз жарық әрі қауіпсіз болады. Балалар кешке алаңсыз ойнай алады, ал ересектер қорықпай жүре береді. Біз мұны ұзақ күттік, енді арманымыз орындалды», – дейді тұрғындар.
Жаңартылған жарықтандыру ауылды абаттандырудағы маңызды қадамға айналып, халықтың тұрмысын жайлы етеді деп үміттенеміз


