-1.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында астық пен майлы дақылдарды сақтау қуаттылығы артып келеді

Ақмола облысында астық пен майлы дақылдарды сақтау қуаттылығы артып келеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында элеваторлық инфрақұрылым қарқынды дамуда. Бүгінде Бұланды және Бурабай аудандарында жалпы сыйымдылығы 167 мың тонна болатын астық қоймалары жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл соңына дейін қосымша 60 мың тоннаға арналған үшінші кезектің іске қосылуы жоспарланған. Осылайша жалпы сақтау көлемі 217 мың тоннаға жетпек. Биылғы маусымда кәсіпорын 105 мың тонна өнім қабылдады, оның шамамен 30 пайызын майлы дақылдар – зығыр, рапс және күнбағыс құрайды.

«ХПП Арна» ЖШС-нің директоры Клара Мендыбаева атап өткендей, басты назар майлы дақылдарға аударылған. Өйткені Щучинск пен Макинскідегі филиалдар «БОТА-2015» май зауыты үшін шикізат базасы болып табылады.

«Біз қуаттылықты кеңейтіп, жаңа кептіру желілерін енгізіп жатырмыз. Бұл шикізатты өңдеуге үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Биыл екі қосымша кептіргіш орнатылды, ал қараша айында заманауи конвейерлік қондырғыны іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді Клара Мендыбаева.

Қазіргі таңда кәсіпорында 134 адам жұмыс істейді. Дегенмен, кадр тапшылығы өзекті болып отыр.

«Әсіресе кептіру шеберлері, электр мамандары мен слесарьлар қажет. Біз қызметкерлерді тікелей жұмыс орнында оқытып, тәжірибелі мамандардан үйретеміз. Бұл мамандықтар жақсы жалақы береді және әрдайым сұранысқа ие, бірақ адамдар жетіспейді. Осындай кадрларды даярлау мемлекеттік қолдауға ие болса дейміз», – деді кәсіпорын басшысы.

«ХПП Арна» элеваторлары өнімді тек Ақмола облысынан ғана емес, көршілес Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан да қабылдайды. Сонымен қатар тепе-теңдік сақталып отыр: майлы дақылдармен қатар бидай, арпа, жасымық пен бұршақ сияқты дәнді дақылдар да қабылданады.

Қуаттылықты арттыру мен жабдықты жаңғырту өнімді сенімді сақтап, тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің аграрлық әлеуетін нығайтып, ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.

 

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
-1.8 ° C
-1.8 °
-1.8 °
80 %
3kmh
75 %
Сб
-2 °
Вс
-1 °
Пн
-3 °
Вт
-18 °
Ср
-13 °

Соңғы мақала