27.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАстана маңындағы ауылдар газбен қамтамасыз етілуде

Астана маңындағы ауылдар газбен қамтамасыз етілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында ауылдарға газ тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Енді ауыл тұрғындары қысты жайлы әрі жылы қарсы алмақ.  Бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев мәлімдеді, деп хабарайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Целиноград ауданына қарасты Нұрлы, Шұбары және Аққайың ауылдарында ұзындығы 209 шақырым болатын газ тарату желілері іске қосылды. Сонымен қатар, Қосшы қаласында да үлкен жұмыс аяқталды. Қалада 200 шақырым газ желісі тартылып, бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді. Нәтижесінде Қосшы қаласындағы 30 мың тұрғын және Целиноград ауданындағы 5000-ға тарта адам орталықтандырылған газға қол жеткізді.

«Қазіргі уақытта тағы 10 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар Коянды, Ыбырай Алтынсарин, Талапкер, Қараөткел, Қаражар, Қызылсуат, Аршалы кенті, Ақбұлақ ауылы, Қосшы қаласы және Тайтөбе ауылдарын қамтиды. Аталған елді мекендерде 178 мың адам тұрады»,- деп мәлімдеді басқарма басшысы.

Шағын елдімекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету  халықтың өмірін жеңілдетіп, жағдайын жақсарту үшін жасалып жатқан іс. Ол үшін облыстық әрі республикалық бюджеттен 13 миллиард теңге бөлінген.

«Жыл соңына дейін тағы 6 жоба іске асады. Атап айтқанда, Қараөткел кешені), Ыбырай Алтынсарин, Талапкер, Коянды, Аршалы кенті мен Ақбұлақ ауылы газдандырылады. Бұл жобалардың нәтижесінде қосымша 55 мың тұрғын көгілдір отынға қосылады»,- деп қосты спикер.

Жалпы алғанда, облыс басшылығы мен тиісті мекемелер өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қолға алып отыр

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
27.2 ° C
27.2 °
27.2 °
29 %
9kmh
0 %
Чт
27 °
Пт
24 °
Сб
11 °
Вс
7 °
Пн
8 °

Соңғы мақала