8.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Ардагер өсиеті» капсуласы Қосшыда қабылданды

«Ардагер өсиеті» капсуласы Қосшыда қабылданды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Қосшы қаласында маңызды әрі тағылымы мол шара өтті. Қала тұрғындары мен жастар «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафонының эстафетасын Қостанай облысынан қабылдап алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Бұл бастама Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат – соғыс жылдарының қиындығын өз көзімен көріп, тылда еңбек еткен ардагерлердің жазып кеткен өсиетін жас ұрпаққа жеткізу. Ардагерлердің өнегелі сөздері арқылы жастарды отансүйгіштікке, батырлықты құрметтеуге тәрбиелеу көзделген.

Іс-шара барысында Қосшы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабдылар Көпжасарұлы Абаков, Қостанай өңірінен келген делегация өкілдері, сондай-ақ облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысып, марафонның маңыздылығына тоқталды.

 «Ардагерлеріміздің өнегесін дәріптеу  жастардың рухын көтеріп, елге деген сүйіспеншілігін арттырады. Жеңіс жолындағы ерлік ешқашан ұмытылмайды», деді шараға қатысушылар.

Жастарға табысталған капсула  бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлердің аманаты. Алдағы уақытта бұл эстафета Қарағанды облысына жол тартады.

«Ардагер өсиеті» марафоны  тарихымызды дәріптеп, өткенді құрметтеудің айқын көрінісі. Мұндай игі дәстүрлер арқылы жас буын елін, жерін сүйетін, өткеннің өнегесін бағалайтын азамат болып қалыптасатыны сөзсіз.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light rain
8.2 ° C
8.2 °
8.2 °
93 %
2kmh
0 %
Ср
12 °
Чт
18 °
Пт
17 °
Сб
19 °
Вс
20 °

Соңғы мақала