17.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАтбасар мектебінде 62 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілуде

Атбасар мектебінде 62 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Атбасар қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектептің 562 оқушысы үшін жаңа оқу жылы жаңартылған ғимаратта басталды. 1963 жылы салынған бұл білім ордасы алғаш рет тек косметикалық емес, ауқымды күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Жөндеу жұмыстары екі кезеңмен жүргізілуде, оның алғашқы кезеңі аяқталып, мектеп айтарлықтай жаңартылды. Атап айтқанда, жылу, су құбыры және кәріз жүйелері толығымен жаңартылды. Сондай-ақ, асхана мен спорт залы жөнделіп, заман талабына сай жабдықталды. Бірінші қабаттың фойесі, үш қабаттағы санитарлық тораптар мен инклюзия кабинеттері де жаңа кейіпке енді. Жаңа линолеум төселіп, баспалдақтардағы темір қоршаулар да ауыстырылды.

«Қазір мектебімізді танымастай өзгерді деуге болады. Барлығы ыңғайлы, кең әрі заманауи. Бұл өзгерістер оқушылардың да, ұстаздардың да көңіл-күйіне және оқу процесіне оң әсерін тигізіп жатыр. Енді балаларымыздың білім алуға мүмкіндіктері бұрынғыдан да арта түсті», – дейді мектеп директоры Нұрсұлу Әлкенова.

Күрделі жөндеудің екінші кезеңі 2026 жылы жүзеге асады. Ол кезде мектептің электр желілері, есіктері мен терезелері толық ауыстырылып, мектеп ауласы абаттандырылмақ.

Бұл Атбасар үшін тек бір мектепті жөндеу емес – бұл оқушыларға қауіпсіз әрі жайлы оқу ортасын құруға бағытталған маңызды қадам. Жаңартылған мектеп – балалар жан-жақты дамитын, қызығушылықпен білім алатын және өз өңірінің қамқорлығын сезінетін орта болмақ.

Білім беру мекемелерін жаңғырту – бұл елдің болашағына салынған инвестиция. Ол әр сабақтан, әр жетістіктен көрініс табатыны сөзсіз.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
17.2 ° C
17.2 °
17.2 °
48 %
8kmh
0 %
Вт
17 °
Ср
17 °
Чт
18 °
Пт
16 °
Сб
19 °

Соңғы мақала