10.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҰлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биыл көктемде қазақ тарихшылары ел ішінде үлкен экспедицияға шықты. Әр өңірді қамтыған рухани сапар барысында тарихшылар Ақмола жерінде бас қосты. «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік» деп аталған бұл сапардың мақсаты – халқымыздың бай этнографиялық мұрасын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қайта таныстыру, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жас ғалымдар, оқытушылар мен студенттер жиналып, қазақ этнографиясының қазіргі қоғамдағы рөлі мен этнограф-жазушы Зейнолла Сәніктің мұралары талқыланды. Кездесуде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев сөз сөйлеп, бұл бастаманың маңызын ерекше атап өтті.

«Зейнолла Сәнік қазақ этнографиясына зор үлес қосқан тұлға. Экспедиция нәтижесінде жарық көретін кітаптар – сол еңбектің жемісі. Осындай сапарлар ұлттық мұраларды жаңғыртуға көмектеседі деп сенемін», – деді ол.

Экспедицияға Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, этнограф-ғалым Қасымхан Бегманов жетекшілік етуде. Оның айтуынша, бұл сапар тек деректер жинаумен ғана шектелмейді, ел ішіндегі тарихи орындарды аралап, әр аймақтың этнографиялық ерекшелігін көзбен көруге мүмкіндік береді.

«Бұл экспедиция жазушы Зейнолла Сәнік ағамыздың ұшан-теңіз еңбегін елге кеңінен насихаттауды мақсат тұтады. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, өңірлердегі тарихи орындардың қазіргі жай-күйімен танысу – біздің негізгі міндетіміз. Әр аймақтан жинақталған материалдар арқылы этнографиялық мұрамызды түгендеп, рухани қазынамызды бағалауға жаңа қадам жасаймыз», – дейді ғалым.

Зерттеушілердің сапары Қостанайдан бастап Жетісуға дейінгі бірнеше өңірді қамтыды. Ұлытау мен Жезқазғанда тарихи орындарды зерттеп, Павлодар мен Қарағандыда этнографиялық деректер жинақталған. Әр өлкенің өзіндік болмыс-бітімі, көнеден жеткен мұрасы назарға алынып отыр.

Айта кетері, экспедиция нәтижесінде арнайы кітаптар жарық көріп, Зейнолла Сәніктің өмірі мен еңбектеріне арналған деректі фильм түсірілмек. Сонымен бірге, жергілікті өлкетанушыларға қолдау көрсетіліп, жастар арасында ұлттық сана-сезімді оятуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру көзделуде.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
10.2 ° C
10.2 °
10.2 °
81 %
1kmh
0 %
Вс
16 °
Пн
17 °
Вт
17 °
Ср
16 °
Чт
16 °

Соңғы мақала