27.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында 5000-нан астам студент қамтылған іс-шаралар өткізілді

Ақмола облысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында 5000-нан астам студент қамтылған іс-шаралар өткізілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Нажмиден Нұралин брифинг өткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникацяилар қызметінен.

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жыл Ақмола облысында Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланып, жыл басынан бері осы бағытта кең ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.

2024 жылғы 30 желтоқсанда облыс әкімімен Жұмысшы мамандықтар жылының өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, 6 бағыт бойынша 58 іс-шараны қамтитын кешенді жұмыс басталған. Мақсат — жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, колледждер мен мектептердегі білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарына сай жаңғырту және жастардың мүмкіндіктерін кеңейту.

Жұмысшы мамандықтарының жылын ресми түрде бастау ретінде Көкшетау қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы: жаңа мүмкіндіктер ашылады» атты жастар форумы өтіп, оған 2000-нан астам адам қатысты. Форум аясында көрмелер, шеберлік сабақтары, форсайт-сессиялар және пікірталастар ұйымдастырылған.

Жыл ішінде өңірлік кадр қажеттілігіне байланысты Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы әзірленді. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру бағытында «One School – One Skill», «Кәсіп автобусы» жобалары іске асырылып, 30 бейіндік сынып ашылған.

«Барлық колледждерде ашық есік күндері, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, бұл шаралар 5000-нан астам студентті қамтыған. Оқытушылар үшін өндірістік тәжірибе бағдарламалары Сингапур мен Қытайда өтті. Степногорск қаласында орналасқан Жоғары колледж жанынан жасанды интеллектке негізделген «VeeLinq» қосымшасы мен дизайн студиясы іске қосылады деп жоспарланған» , деді спикер

Бүгінде облыстағы колледждерге 170 кәсіпорын шефтік қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ, 26 колледжде дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, оған 6 181 студент тартылған.
«Серпін» жобасы қайта жандандырылып, облыстың 10 колледжі оңтүстік өңірлерде 6000-нан астам оқушымен кәсіби бағдар жұмыстары жүргізді. Жобаның аясында биыл сұранысқа ие мамандықтар бойынша 250 студент қабылданады деп күтілуде.

2025 жылдың наурыз айынан бастап оқушылар мен колледж студенттері үшін «Электрондық еңбек биржасы» арқылы жұмысқа орналасуға бағытталған курстар жүргізіліп, қазіргі таңда 18 491 адам оқудан өткен.

Биылғы сәуірде Ақмола өңірінде WorldSkills Aqmola–2025 чемпионаты 65 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылып, оған еліміздің 8 өңірінен 300-ден астам студент қатысқан. Сонымен қатар, жыл басынан бері Jas Skills, Junior Skills сияқты байқаулар өткізіліп, мыңға жуық оқушы қамтылған.

Маусым айында өткен халықаралық «DOSTI Skills Aktau 2025» чемпионатында көкшетаулық студенттер алтын медаль жеңіп алып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына грант иеленді.

1 маусымда Көкшетау қаласында «Мамандық Fest» атты жұмысшы мамандықтарының парады өтті. 12 колледжден 820 студент қатысып, түрлі шеберлік аймақтарында өз мамандықтарын таныстырды.

Сондай-ақ, мамырда бастау алған «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі аясында маршрут Атбасар мен Есіл қалалары арқылы өтті.

«Оқу инфрақұрылымын дамыту мақсатында екі жаңа жатақхана пайдалануға беріледі: бірі – Азаматтық қорғау жоғары колледжінде (450 орын), екіншісі – Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде (300 орын)» , деді спикер.

1356 жас еңбек жасақтарының құрамында жұмыспен қамтылды. «Agro Qadam» атты механикаландырылған студенттік жасақ құрылып, олар ауыл шаруашылығында нақты өндірістік ортада жұмыс істейтін болады.

Жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында 320-дан астам БАҚ жарияланымы, 4200 әлеуметтік желі жазбасы мен 20-дан астам телесюжет жарық көрді

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
27.2 ° C
27.2 °
27.2 °
41 %
10kmh
0 %
Пт
27 °
Сб
22 °
Вс
22 °
Пн
19 °
Вт
23 °

Соңғы мақала