24.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында алимент төлемей жүрген 10 борышкер сотталды

Ақмола облысында алимент төлемей жүрген 10 борышкер сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы Әділет департаменті 2025 жылдың алғашқы алты айындағы жұмыс қорытындысын жариялады. Департаменттің мәліметінше, өңірде алимент өндіру, мемлекет пайдасына қарыздарды қайтару және борышкерлерді жауапкершілікке тарту бағыттарында кешенді шаралар қолға алынған. Бұл туралы Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Шыңғыс Айнақұлов брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Бүгінде облыста 10 мемлекеттік және 78 жекеменшік сот орындаушы жұмыс істейді. Осы кезеңде алимент өндіруге қатысты 13 286 атқарушылық іс тіркеліп, оның 1 272-сі аяқталған. 6 891 іс мерзімдік бақылауда, ал 4 649 борышкер алиментті өз еркімен төлеп отыр.

Алайда 538 іс бойынша берешек 753 млн теңгені құрап отыр. Бұл проблемалық істерге байланысты сот орындаушылар борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қолдануда. Нәтижесінде 114 адам әкімшілік жазаға тартылып (65-і қамалып, 49-ына айыппұл салынған), ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 10 борышкер сотталған. Сонымен қатар, 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 40 борышкер тұрақты жұмысқа орналастырылған.

«Жыл басынан бері жекеменшік сот орындаушылардың өндірісінде мемлекет пайдасына өндіру бойынша 48 676 іс тіркелген. Оның 18 927-сі аяқталып, 5,8 млрд теңге көлеміндегі берешек қайтарылған. Бұл істердің 9 267-сі нақты орындалған. Жалпы өндірісте қалған істер саны – 29 749, сомасы – 7,7 млрд теңге» , деді спикер.

Жеңілдетілген тәртіппен қаралған 20 418 атқарушылық істің жалпы сомасы 470,9 млн теңгені құраған. Оның ішінде 4 112 іс аяқталып, 4 103 іс нақты орындалған. Өндірілген қаражат – 86,7 млн теңге.

Борышкерлерге қатысты шараларды күшейту мақсатында Көкшетау қаласының МТО аға сот орындаушысы Қабышев Ерлан Мұратұлы арнайы жауапты ретінде бекітілген. Осы кезеңде 168 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 36 қылмыстық іс тіркелген. Соның ішінде 10 іс сотқа жіберіліп, борышкерлерге бостандықты шектеу жазасы тағайындалған. Тағы 20-дан астам іс тергеу немесе сот қарауында.

Алты ай ішінде 58 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Олардың арасында жекеменшік сот орындаушысы болуға үміткерлерді аттестациядан өткізу және атқарушылық өндірістерді қозғау бойынша өтініштер бар. Атап айтқанда, 5 үміткер аттестацияға жіберіліп, 1 адам ғана табысты өткен. Ал 53 өтініштің 37-сі заңды тұлғалардан, 16-сы жеке азаматтардан түскен.

Ақмола облысы Әділет департаменті алдағы уақытта да азаматтардың құқықтарын қорғау мен әділетті сот орындаушылық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарын жалғастырмақ.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light rain
24.2 ° C
24.2 °
24.2 °
64 %
7kmh
0 %
Пт
27 °
Сб
22 °
Вс
19 °
Пн
19 °
Вт
22 °

Соңғы мақала