2.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингЗеренді ауданында ауыл мектептері жаңғыртылуда

Зеренді ауданында ауыл мектептері жаңғыртылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Зеренді ауданында әлеуметтік маңызы бар салаларды дамытуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Соның бірі – білім саласы. Ауданда білім сапасын арттыруға, сондай-ақ жас мамандарды өз тарапына тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Білім саласындағы өзгеде жаңалықтар жайлы аудан әкімінің орынбасары Қанат Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Өткен жылы ауданда «Сапалы білім, білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 11 білім беру ұйымының мектеп жиhаздары жаңартылып, STEM кабинеттері сатып алынды. Сонымен қатар, ауданда 7 мектеп жөнделді.

«Осы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл ауқымды жоба аясында 5 білім беру мекемесінің ғимараттарын қайта жаңғырту қолға алынбақ. Сонымен қатар, осы жылы Зеренді ауданының М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының жатақханасы, асханасы және бастауыш корпусына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу мәселесі қарастырылып жатыр», — деп толықтырды спикер.

Ауданда жұмысшы мамандарын даярлайтын Шағалалы ауылындағы Агротехникалық колледжі бар. Ол жерде студенттер агрономия, механизатор және электр мамандықтары бойынша оқу курстарынан өткізіліп, ауылшаруашылық кәсіпорындарында жұмысқа орналастырылуда. Бүгінде колледжде Маңғыстау облысынан 150-ге жуық студент тегін білім алуда. Бұл бастама Президенттің биылғы жылғы жұмысшы мамандықтарына басымдық беру жөніндегі тапсырмасына сәйкес келуде.

Айта кетсек, Зеренді ауданында 56 жалпы білім беретін мектеп бар, онда алты мыңға жуық бала оқиды. Аудандық мектепке дейінгі ұйымдарда 229 педагог, ал жалпы мектептерде мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Бұл көрсеткіштер білім сапасын арттыру мақсатында жасалып жатқан шаралардың нәтижесін көрсетеді. Сонымен қатар, мектептерде үздіксіз техникалық жабдықтау мен модернизация жұмыстары жүргізілуде, бұл оқушылардың жан-жақты дамуына септігін тигізуде.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
2.2 ° C
2.2 °
2.2 °
93 %
4kmh
0 %
Сб
3 °
Вс
5 °
Пн
2 °
Вт
3 °
Ср
5 °

Соңғы мақала