16.6 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Жас ұрпақ» бірлестігінің алғашқы слетіне қатысушылар Бурабайда бас қосты

«Жас ұрпақ» бірлестігінің алғашқы слетіне қатысушылар Бурабайда бас қосты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бурабайдағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Жас ұрпақ» жастар бірлестігінің алғашқы салтанатты слеті өтті. Қаз-қатар тізілген бірлестік мүшелері салтанатты жиынға сап түзеп, патриоттық рухымен, жинақылығымен, жарқын келбетімен көз тартты,деп хабарлайды  өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Шара барысында жаңа қатысушыларға салтанатты түрде төсбелгілер табысталып, қатарға қабылданды. Сонымен қатар, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, балалардың рухын көтеріп, достық пен бірлікті арттыра түсті.

«Бірлестіктің алғашқы салтанатты кездесуімен шын жүректен құттықтаймын. Жас ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Мен жастарға сенемін». Бұл жоба – өңірімізде мәдениетті де белсенді, патриоттық рухтағы жастарды тәрбиелеудегі маңызды қадам. Жарты жыл ішінде оқушылар 10-нан астам іс-шараға қатысты. Құқықтық сауаттылықтан бастап спорттық, шығармашылық сайыстарға дейін қамтылды. Дұрыс өмірлік жолды таңдау әр жастың өз қолында», – деді Ақмола облысының бас прокуроры Руфат Құттықов.

Құттықтау сөз сөйлеген облыстық білім басқарма басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова жылы лебізін білдірді.

«Бүгінде облысымызда «Жас ұлан», «Адал ұрпақ», «Жас сарбаз» сынды ұйымдар белсенді жұмыс істеуде. Осы қатарды толықтырған «Жас ұрпақ» бірлестігі – тәрбиелі, парасатты, адал ұрпақ тәрбиелеудегі тағы бір іргелі қадам. Жарты жылдың ішінде бұл бастама өз нәтижесін бере бастады», – деп атап өтті.

Слет қатысушыларының арасында ерекше белсенділігімен көзге түскен Астрахан ауданы Жалтыр ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Ләйлә Насырханқызы бірлестік жайлы ойымен бөлісті.

«Мен бұл ұйымға жақында ғана қосылдым. Мектеп тәлімгерлерінен естіп, қызығушылықпен келдім. Қазір бұл орта менің екінші отбасымдай болып кетті. Мұнда жауапкершілік пен тәртіп бар. Біз түрлі шаралар ұйымдастырып, өзімізден кейінгі іні-қарындастарымызға үлгі болуға тырысамыз. Бүгінгі жарыстарда да белсенді қатысып, өнерімізді көрсеттік», – деді ол.

Айта кету керек, «Жас ұрпақ» бірлестігі өткен жылдың 28 қарашасында облыстық прокуратура мен білім басқармасының бастамасымен құрылған. Бірлестік аз ғана уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп, бүгінгі таңда өңірдегі 30 мектептен 1 100-ден астам оқушыны біріктіріп отыр. Жобаның басты мақсаты – жасөспірімдерді құқықтық сауаттылыққа, әдептілік пен ұлттық мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы жарақаттанушылықты төмендету.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
16.6 ° C
16.6 °
16.6 °
66 %
3.4kmh
31 %
Вс
28 °
Пн
28 °
Вт
28 °
Ср
22 °
Чт
25 °

Соңғы мақала