22.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингТіл – тұтастық тірегі: Көкшетауда қазақ тілі оқытушылары бас қосты

Тіл – тұтастық тірегі: Көкшетауда қазақ тілі оқытушылары бас қосты

Сондай-ақ, оқыңыз...

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университет қабырғасында облыстағы қазақ тілі оқытушыларының «Тіл форумы» өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруды, оқыту әдістемесін жетілдіруді және тіл жанашырларын біріктіруді мақсат еткен бұл жиын — рухани серпілістің айқын көрінісі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Форум аясында қатысушылар алдымен тақырыптық көрмені тамашалап, қазақ тілін оқытуда қол жеткізілген жетістіктермен танысты. Шараның ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова тіл мәселесінің оң шешілуі ел болашағы үшін маңызды ерекше атап өтті.

«Өз ұлтының болмысын терең таныған ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек … тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» деген болатын. Бүгінгі форум – осы аманатқа адалдықтың көрінісі», – деді Гүлмира Кәрімова.

Басқарма басшысы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылы тіл саясатына байланысты 2000-нан астам іс-шара өткізілсе, тіл оқыту орталығының мамандары республика көлемінде ұйымдастырылатын байқауларда бірнеше рет жеңімпаз атанған.

Айта кетейік, дәл осы ұстаным аясында 2023 жылғы 16 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы бекітілген болатын. Форум – аталған тұжырымдаманың «Тіл үйрету әдістемесін жетілдіру» бағытына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Шараның қатысушылары қатарында еліміздің үздік ғалымдары мен тәжірибелі тіл мамандары болды. Соның ішінде, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Жарқынбике Сүлейменова, «Тіл-Қазына» орталығының ғылыми қызметкері Айерке Зинедина, Назарбаев зияткерлік мектебінің аға менеджері Алтынгүл Хасенова және басқа да сала сарапшылары өз баяндамаларымен бөлісті.

Форумда айтылған ең өзекті мәселелердің бірі – оқулық сапасы мен терминдік саясат болды. ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы оқулықтарда орын алып отырған ғылыми және әдістемелік кемшіліктерге назар аудартты.

«Оқулық мәтіні баланың қабылдауына сай келуі керек. Ғылыми терминдерді тықпалағаннан тіл дамымайды. Біз ең алдымен баланың ұғымына, жас ерекшелігіне бейімделген тілді ұсынуымыз қажет. Жасанды сөздер мен орынсыз аудармалар оқушыны тілден бездіреді», – деп атап өтті.

Шерубай Құрманбайұлы терминжасамда ғылыми жауапкершілік, бірізділік және тіл иесінің қабылдау деңгейін ескеру керектігін алға тартты.

Жиын барысында ұстаздар қазіргі қазақ тілін үйрету әдістемелерінің тиімділігі мен заманауи тәсілдер туралы пікір алмасты. Тәжірибе алмасуға арналған алаңда тың идеялар ұсынылып, нақты әдістемелер талқыланды.

Форум пікір алмасу сессиясымен жалғасып, мемлекеттік тілдің кең қанат жаюына үлес қосып жүрген үздік оқытушыларды марапаттаумен аяқталды. Бұл — қоғам мен биліктің тіл саясаты төңірегінде бірлесе әрекет еткенде ғана нақты нәтиже болатынын көрсетті.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
22.2 ° C
22.2 °
22.2 °
49 %
11kmh
0 %
Пн
24 °
Вт
7 °
Ср
13 °
Чт
16 °
Пт
11 °

Соңғы мақала