22.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Ән аға-Шәмші аға» фестиваль-байқауының жүлдегерлері анықталды

«Ән аға-Шәмші аға» фестиваль-байқауының жүлдегерлері анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында Халық әртісі, қазақ мәдениетінің аса көрнекті тұлғасы, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән аға-Шәмші аға» дәстүрлі байқауы өтті.

Бар ғұмырын ән әлеміне арнаған, артынан 300-ге жуық ән жазып қалдырған композитордың «Қазақстаным» әні гимнге айналып, қазіргі таңда еліміздің әрбір жеңісінде әлемнің түкпір түкпірінде шырқалады.

Байқауға қатысқан 40-тан астам таланттар Шәмшінің әндерін классикалық стилінде және эксперименталды жаңашыл аранжировкада орындап, «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен қорытынды гала концертте өздерінің орындаушылық шеберліктерін паш етті.  Әсем сазды сыршыл Шәмші әндерін орындаушы өнерпаздар көрермен қошеметіне бөленді.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде иегері Қосшы қаласынан қатысқан Бақберген Жеңіс атанды.

Жүлделі І орынды Целиноград ауданының “Достар” вокалдық тобы иеленді.
Жүлделі ІІ орынға Аршалы ауданынан Әйгерім Ахметова ие болса,
Аида Әбілқасым (Көкшетау қаласы) ІІІ орынды місе тұтты.

СОНЫМЕН қатар, қатысушылар арасында

Шортанды ауданының өнерпазы Айбат Маратов «Үздік аранжировка» номинациясының жеңімпазы атанды.

«Сирек орындалатын ән» номинациясының жеңімпазы — Гүлназия Бейсенова (Бұланды ауданы).

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кеш қонағы Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева өнер сүйер қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
22.2 ° C
22.2 °
22.2 °
49 %
11kmh
0 %
Пн
24 °
Вт
7 °
Ср
13 °
Чт
16 °
Пт
11 °

Соңғы мақала