25.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАтбасар ауданы аграрлық серпіліске үміт артады

Атбасар ауданы аграрлық серпіліске үміт артады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Атбасар ауданы көктемгі егіс науқанын сенімді түрде өткізіп жатыр: соңғы мәліметтерге сәйкес, дәнді дақылдар 350 мың гектардан астам жерге егілген, бұл жалпы жоспардың 77 пайызын құрайды. Майлы дақылдарды себу толығымен аяқталды – 29 мың гектардан астам. Бұл туралы Атбасар ауданының әкімі Кенеш Әлімжанов мәлім етті,  деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Техникалық жаңғыртудың арқасында тәуліктік өнімділік 22–23 мың гектарға жеткен. Егіс жұмыстарына 600-ден астам трактор, 987 тұқым сепкіш және 120-дан астам заманауи егіс кешені жұмылдырылған.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері диверсификацияға басымдық беріп отыр: майлы дақылдар алқабы өткен жылмен салыстырғанда екі есе ұлғайған. Оның ішінде зығыр мен күнбағыс әрқайсысы 12,6–12,7 мың гектардан орын алады. Сондай-ақ, дәнді-бұршақты, картоп пен көкөніс дақылдарының егісі де кеңейтілуде. Жалпы егіс көлемі өткен жылғы деңгейде сақталып отыр — 457 мың гектар.

«Агроөнеркәсіп секторы – бұл ауданның дәстүрлі күші ғана емес, сонымен қатар стратегиялық бағыт. Біз технологияға, техникаға, дәл есепке және, ең бастысы, өз ісін білетін адамдарға сүйенеміз», – деді Атбасар ауданының әкімі.

Биылғы жылдың басты жобаларының бірі – «Бастау» ЖШС-нің жаңа сүт-тауар фермасын іске қосу болмақ. Кәсіпорын Германиядан 918 бас қашар әкелуді жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны – 7,5 миллиард теңге. Құрылыс кесте бойынша жүріп жатыр, іске қосу 2025 жылдың қараша–желтоқсанына жоспарланған.

Сонымен қатар, машина-трактор паркін жаңарту жалғасуда: тек 2024 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары 76 техника бірлігін сатып алды, биыл тағы 77 техника сатып алу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, аудан Gosagro.kz порталы арқылы дизель отынына 197 өтінім берген, қазіргі таңда 3,5 мың тоннадан астам отын жөнелтілді.

Ауыл шаруашылығының инвестициялық болашағы өнімді терең өңдеу кәсіпорындарын құрумен байланысты. Аудан басшылығы май өңдеу зауыттары, макарон цехтары мен тамақ өнімдерін шығаратын фабрикалар ашу үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
25.2 ° C
25.2 °
25.2 °
38 %
3kmh
0 %
Пт
25 °
Сб
27 °
Вс
26 °
Пн
28 °
Вт
30 °

Соңғы мақала