16 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында 2 заманауи дене шынықтыру сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Ақмола облысында 2 заманауи дене шынықтыру сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биылғы жылы облыста 2 заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа  берілді. Қазіргі уақытта екі кешен де толық қуатта жұмыс істейді. Ол Қосшы және Есіл қалаларында. Бұл туралы  Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин журналисттермен өткен брифингте  мәлім етті, деп хабарлайды Өңірліккоммуникациялар қызметінен.

Басқарма басшысының мәліметінше қазіргі уақытта облысты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 60,4% — құрайды.  Сондай ақ, Бурабай ауданының Мәдениет ауылында 1 спорт кешенің құрылысы аяқталды.

«Биыл «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің  құрылысы жүргізілуде. Олар Жақсы ауданының Жақсы ауылы, Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылы, Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы, Целиноград ауданы Родина ауылында қолға алынған», – деді Ардақ Төлендин.

Көкшетаудағы Красный Яр ауылында және  Степногорск қаласының  Бестөбе ауылында  облыс бюджеті есебінен  дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы спорт сарайының құрылысы жүргізілуде.

«Спорт объектілерінің желісін ұлғайту жөніндегі жұмысқа бюджеттен тыс қаражат та тартылады. «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен жылдам салынатын спорт кешені (Степногорск қ.), «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының есебінен Целиноград ауданы Қажымұқан ауылыда ауа тіреуіш ғимараты базасында спорт кешені салынуда.» деп толықтырды басқарма басшысы.

Брифинг барысында басқарма басшысы жыл қорытындысынан бөлек алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша  Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауда атап өткен тапсырмаларын орындау мақсатында 2024 жыл аяқталғанға дейін және 2025 жылға спортсаласының алдында бірқатар міндеттер тұр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында облыстың грек-рим күресі, еркін күрес жәнебиатлоннан 3 аға жаттықтырушысының біліктілігін арттыру курстарынан өту жұмыстарыХорватия, Корея, Чехия елдерінде  басталды.  Облыста қысқы спорт түрлері басым болыптабылатындықтан, 2025 жылғы қаңтарда Турин қаласында қысқы Универсиадаға және 2025жылғы ақпанда Қытайдың Харбин қаласында  қысқы Азия ойындарына қатысу үшін шаңғыжарысы, биатлон және шорт-трек бойынша спортшыларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету қажет», –  деп түйіндеді Ардақ Төлендин.

ЕСКЕРТУ: Ұсынылып отырған мақала Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің меншігі болып саналады. Материалды көшіруге ақпарат көзіне – rsk_aqmola (авторлық құқық иесі) гиперсілтеме жасай отырып рұқсат етіледі.

        

 

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
few clouds
16 ° C
16 °
16 °
71 %
1.5kmh
20 %
Чт
16 °
Пт
25 °
Сб
27 °
Вс
26 °
Пн
27 °

Соңғы мақала