-3.5 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысы мен Үндістан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Ақмола облысы мен Үндістан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бурабай курортында үндістандық туроператорлар үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды. Іс-шараны КГУ «Туристік ақпараттық орталығы Visit Aqmola» және ТОО «Astana Tourism туризмді дамыту орталығы» бірлесе өткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақпараттық турдың басты мақсаты – аймақтың туристік әлеуетін және гольф пен іскерлік туризм бағытындағы жаңа мүмкіндіктерді көрсету. Екі күн ішінде қонақтар өңірдегі ең үздік нысандармен танысты: Rixos Borovoe, Wyndham Garden Burabay, Forest Camp және Burabay Golf Club.

Туроператорлар Абылай ханның полянасы нысанына барды, мультимедиялық интерактивті кешенмен танысты, экскурсиялар мен дәм татуға қатысты. Wyndham Garden Burabay қонақүйінде олар нөмірлер мен конференц-залдарды қарап, TAU мейрамханасында түстенді.

Қонақтарға ерекше әсер қалдырған орын — Burabay Golf Club. Олар инфрақұрылыммен танысып қана қоймай, өздері де алаңда ойнап, сервис сапасы мен жабдықталу деңгейін жоғары бағалады.

«Бурабай курорты бізге үлкен әсер қалдырды. Мұнда табиғаттың сұлулығы, жайлылық пен заманауи қызмет көрсету жоғары деңгейде үйлескен. Бұл аймақ туристік және іскерлік сапарлар ұйымдастыру үшін өте қолайлы», — деді үндістандық туриндустрия өкілдері.

Екінші күні қатысушылар Rixos Borovoe және Forest Camp қонақүйлеріне барып, жайлылық пен іскерлік іс-шаралар өткізу мүмкіндіктерін бағалады.

Сапар қорытындысы бойынша үндістандық туроператорлар ынтымақтастық орнатуға және Бурабай курортын халықаралық туристік бағыттарына енгізуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл өңірдің халықаралық туристік нарықтағы жаңа мүмкіндіктерін ашпақ.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
-3.5 ° C
-3.5 °
-3.5 °
55 %
4kmh
36 %
Вт
-3 °
Ср
6 °
Чт
7 °
Пт
8 °
Сб
9 °

Соңғы мақала