-10.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифинг330 мыңға жуық ақмолалық спортпен шұғылданады

330 мыңға жуық ақмолалық спортпен шұғылданады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмолалықтардың арасында салауатты әрі белсенді өмір салтын ұстанатындардың саны жылдан жылға артып келеді. Биылғы он айдың қорытындысы бойынша спортпен тұрақты түрде айналысатын тұрғындардың қатары 11 мың адамға көбейіп, 329 мыңнан асты. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша спорт клубының директоры Әділет Қайыркен мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері өңірде 1500-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілген. Оларға 95 мыңнан астам адам қатысқан. Биылғы жылдың ең жарқын спорттық оқиғаларының қатарында — қысқы «BURABAY ICE 2025» жүгіру марафоны, 12 елдің спортшыларын біріктірген халықаралық «Aqbura Bay Trail» трейл-жарысы, «Көкшетау жалыны» түнгі жүгіру шарасы және Зеренді көлінің жағасында өткен Zerenda Half-Marathon жартылай марафоны бар.

Бұқаралық спортпен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды спортқа тартуға да айрықша көңіл бөлінуде. Облыста осындай азаматтарға арналған әлеуметтік жоба үш жыл қатарынан жүзеге асып келеді. Бұл бастама мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен айналысуға, қоғам өміріне белсене араласуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жобаға 300-ден астам адам, оның ішінде балалар да қатысуда.

«Бүгінде спорт көптеген ақмолалықтардың өмір салтына айналды. Біз әр адамға, жасына немесе мүмкіндігіне қарамастан, дене шынықтырумен айналысып, денсаулығын нығайтуға жағдай жасап отырмыз», – деді спикер.

Сонымен қатар өңірде спорттық инфрақұрылым да қарқынды дамып келеді. Бүгінде облыста мыңдаған спорт нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында стадиондар, бассейндер, хоккей корттары, манеждер мен ашық спорт алаңдары бар. Бір жыл ішінде спорттық нысандармен қамтылу деңгейі 65 пайызға жуықтады.

Спорттың дамуына жаңа мекемелердің ашылуы да оң әсерін тигізіп отыр. Былтыр ашылған ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі өңір намысын республикалық және халықаралық деңгейде қорғайтын спортшыларды даярлауда.

Ақмола облысында спорт саласын дамыту – басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жаңа жобалар, жарыстар мен спорт нысандары салауатты, белсенді әрі бірлікте өмір сүретін қоғам қалыптастыруға жол ашып отыр.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
-10.2 ° C
-10.2 °
-10.2 °
91 %
3.4kmh
38 %
Вт
-10 °
Ср
-4 °
Чт
1 °
Пт
1 °
Сб
2 °

Соңғы мақала