27.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖас туристер Бурабайда күш пен шеберліктерін сынады

Жас туристер Бурабайда күш пен шеберліктерін сынады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бурабайда «Күзгі жапырақтардың түсуі» атты аймақтық туристік слет өтті. . Жарысқа Көкшетау, Астана, Петропавл қалаларынан, Зеренді және Атбасар аудандарынан келген 19 команда қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Бұл іс-шара аймақта спорттық туризмді дамытуда маңызды қадамға айналды. Сондай-ақ, жастар мен ересектерді біріктіре алды. Белсенді демалыс пен салауатты өмір салтына назар аудартты.

Үш күн бойы қатысушылар түрлі қашықтықтарда өз күшін сынады. Олар техника мен тактика бойынша шеберлігін көрсетті, кросс-жорықтарға шықты, шығармашылық байқауларға қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар спорттық туризмді дамытуға серпін береді және жасөспірімдерді табиғат аясында салауатты өмір салтына тәрбиелейді.

«Слет тек жарыс емес, жастарды біріктірген мерекелік шара болды. Қатысушылар белсенді демалыстың пайдасын көріп, жаңа достар тапты»,-деді ұйымдастырушылар.

Жарыстың қорытындысы бойынша Астананың «Астана» командасы, Көкшетаудың «Фирн» командасы, Қазпедколледждің «Жұмбақтас» командасы, Петропавлдың «Северный ветер» тобы және басқа да командалар жүлдегер атанды. Жеке жарыстарда да жас спортшылардың үздік нәтижелері атап өтілді. Және жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталғаны туралы ерекше атап өтті.

«Күзгі жапырақтардың түсуі» туристік слеті жастарды табиғатпен етене араластырып қана қоймай, олардың шыдамдылығы мен шеберлігін сынайтын алаңға айналды. Ал шара жас ұрпақтың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттырды. Ал жеңімпаздар үшін ол жаңа жетістіктерге бастайтын алғашқы қадам болмақ

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
27.2 ° C
27.2 °
27.2 °
29 %
9kmh
0 %
Чт
27 °
Пт
24 °
Сб
11 °
Вс
7 °
Пн
8 °

Соңғы мақала