3.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖарқайыңда жас талапкерлер байқауы өтті

Жарқайыңда жас талапкерлер байқауы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы мен тілдер мерекесіне байланысты мәдени шара ұйымдастырылды. Жарқайың ауданында өткен «Абайдың үні – халықтың үні» атты театрландырылған қойылымдар байқауы көрерменнің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Іс-шараның мақсаты – Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастарға таныту, оларды адалдыққа, адамгершілікке және білімге ұмтылуға тәрбиелеу болды. Оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен көріністер қойып, қазақтың рухани байлығын көрерменге әсерлі жеткізді.

Іс-шарада Жарқайың ауданының әкімі Арай Әбенова сөз сөйлеп, байқаудың маңыздылығына тоқталды:

«Абайдың мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы. Бүгінгі шара жастарымыздың өнерге, тілге және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды», – деді аудан басшысы.

«Үздік актер» номинациясының иегері, Үшқарасу ауылының негізгі орта мектебінің оқушысы бұл жеңістің өзі үшін маңызын ерекше атап өтті:

«Бұл сайыс мен үшін үлкен тәжірибе болды. Абай атамыздың сөзін сахнада сомдау – әрі жауапкершілік, әрі үлкен мақтаныш. Қойылымға дайындалу барысында тек актерлік шеберлігімді дамытып қана қоймай, Абайдың терең ойларына да үңіле түстім. Осындай мүмкіндік берген ұстаздарыма және ұйымдастырушыларға алғыс айтамын!»,- деді жас өнерпаз.

Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Тасты-Талды ауылындағы жалпы орта мектеп иеленді. Екінші орынға Н.Островский атындағы жалпы орта мектеп ие болды.
Үшінші орынды А.Үкібаев атындағы жалпы орта мектеп жеңіп алды. Сонымен қатар, арнайы номинациялар бойынша: «Үздік режиссура» атағы Далабай ауылының негізгі орта мектебіне берілді. «Көрермен көзайымы» номинациясын Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі жеңіп алды. «Үздік актер» болып Үшқарасу ауылының негізгі орта мектебінің оқушысы танылды.Барлық қатысушы мектептерге арнайы сертификаттар табысталды.

Бұл тағылымды байқау жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін шыңдап қана қоймай, туған жерінде рухани дәстүрлерді дәріптеуге зор серпін берді. Абайдың сөзімен айтқанда, «Толық адам» болуға ұмтылған жас өрендер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
moderate rain
3.2 ° C
3.2 °
3.2 °
100 %
5kmh
75 %
Вс
3 °
Пн
2 °
Вт
-6 °
Ср
-3 °
Чт
1 °

Соңғы мақала