-20.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖарқайыңда жас ақындар мен оқырмандарды біріктірген жаңа үйірме ашылды

Жарқайыңда жас ақындар мен оқырмандарды біріктірген жаңа үйірме ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жарқайың ауданында жастардың шығармашылығын қолдауға бағытталған тағы бір игі бастама жүзеге асты. Аудандық Мәдениет үйінде 2024 жылдың қазан айынан бастап «Поэзия» атты үйірме өз жұмысын бастады. Қысқа уақыт ішінде бұл үйірме жас таланттардың басын қосып, сөз өнеріне қызығатын жастар үшін ерекше ортаға айналды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Үйірменің басты мақсаты — жасөспірімдердің поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар еркін форматта, жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосферада өтеді. Мұнда әр қатысушы өз ойын ашық айтып, шығармашылық ізденіске жол аша алады.

Бүгінде үйірме мүшелері аудандық мәдени шараларға белсенді қатысып, көрермендерге поэзияның әсерлі әрі терең қырын көрсетіп жүр. Сонымен қатар олар облыстық және республикалық байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болып, аудан абыройын асқақтатуда.
Үйірме қатысушысы Қараман Аяулым бұл орта туралы өз әсерімен бөлісті:

«“Поэзия” үйірмесі маған сөзді терең сезінуді, өз ойымды ашық жеткізуді үйретті. Әрбір сабақ шабыт береді. Бізге сенім артып, бағыт-бағдар беретін жетекшіміз Венера Абатовнаға алғысым шексіз. Оның қолдауы бізді алға жетелейді»,-дейді үйірме қатысушысы.

Үйірменің табысты жұмысы — жетекші Венера Идиятова еңбегінің нәтижесі. Ол әрбір жасқа жеке көңіл бөліп, олардың қабілетін ашуға бар күшін салуда. Соның арқасында жастардың өнерге деген сүйіспеншілігі артып, өзіне деген сенімі нығайып келеді.

«Поэзия» үйірмесінің ашылуы — жастардың рухани дамуына жасалған маңызды қадам. Бұл жерде тек өлең оқылып қана қоймай, ойлы, мәдениетті, сөз қадірін білетін жас буын қалыптасуда. Осындай бастамалар ауданның мәдени өмірін жандандырып, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыра түсетіні сөзсіз.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-20.8 ° C
-20.8 °
-20.8 °
77 %
6kmh
0 %
Пт
-23 °
Сб
-16 °
Вс
-14 °
Пн
-12 °
Вт
-12 °

Соңғы мақала