-4.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖарқайыңда билер кеңесі туралы жиын өтті

Жарқайыңда билер кеңесі туралы жиын өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жарқайың ауданында билер кеңесінің қоғамдағы орны туралы дөңгелек үстел өтті. Жиынға аудандық соттың төрағасы, ауыл әкімдері, ардагерлер және билер кеңесінің мүшелері қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Шараның басты мақсаты – билердің дауларды сотқа жеткізбей шешудегі рөлін талқылау. Сонымен қатар, халыққа заңды дұрыс түсіндіру, татулық пен бірлікті сақтау жайы да сөз болды.

Дөңгелек үстелде Аудандық соттың төрағасы өзінің маңызды пікірімен бөлісті.

«Билер – халқымыздың ескі дәстүрі. Олар дауларды бейбіт жолмен шешуге көмектеседі. Бұл – сотқа да, халыққа да тиімді», – деді Ғосман Рахымжанов.

Сонымен қатар,Билер кеңесінің төрағасы Төлеген Ибраев негізгі міндеттер туралы тоқталды:

«Біз тек дау шешпейміз. Ең бастысы – адамдарды татуластыру. Жастарға әділдік пен мәміленің жолын көрсету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Жиында «Дәнекер» жобасы таныстырылды. Бұл жоба арқылы тұрғындар медиатор көмегімен мәселені шешіп, сотқа дейін бармай-ақ бітімге келе алады.

Кездесу соңында билер кеңесінің жұмысын жақсарту, тәжірибе алмасу және бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, арнайы меморандумға қол қойылды.

Бұл жиын билердің қоғамдағы рөлін көрсетіп, ел арасындағы бірлік пен түсіністікті нығайтуға үлес қосты.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-4.8 ° C
-4.8 °
-4.8 °
93 %
10kmh
100 %
Пн
-5 °
Вт
-7 °
Ср
-3 °
Чт
1 °
Пт
2 °

Соңғы мақала