7.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖалғызқұдық ауылында жаңа спорт және балалар алаңы ашылды

Жалғызқұдық ауылында жаңа спорт және балалар алаңы ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жалғызқұдық ауылында маңызды әлеуметтік жоба жүзеге асты. Дәл бір ай бұрын басталған құрылыс жұмыстарының нәтижесінде футбол алаңы, спорт және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Жобаның тапсырыс берушісі — аудандық құрылыс бөлімі, ал бас мердігері — Алтын Күмбез KZ серіктестігі. Құрылыс жұмыстарына 39,9 миллион теңге бөлінген. Бір айдың ішінде алаң толығымен салынып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, жастар мен балалар жиналды. Жаңа алаң ауыл өміріне серпін беріп, спорттық рухты күшейтті.

«Енді балаларымыз бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен шұғылдана алады. Ал ата-аналар үшін бұл — балаларының қауіпсіз әрі заманауи алаңда ойнап, дамуына мүмкіндік береді»,-деді ауыл тұрғындары.

Жаңа нысандардың ашылуы ауылдың келбетін көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да ықпал етеді. Мұндай жобалар елді мекендердің дамуына серпін беріп, ауылдарды жайлы әрі тартымды ортаға айналдырады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
7.2 ° C
7.2 °
7.2 °
31 %
7kmh
0 %
Пт
7 °
Сб
5 °
Вс
7 °
Пн
10 °
Вт
7 °

Соңғы мақала