27.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖақсы ауданында жастар мен отбасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда

Жақсы ауданында жастар мен отбасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жақсы ауданына жұмыс сапарымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов барды. Сапар бағдарламасына спорттық, медициналық және әлеуметтік нысандарды аралау, сондай-ақ аудан тұрғындарымен кездесу кірді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Алғашқы нысан Жаңа Қима ауылындағы Т.Уәлиев атындағы спорт кешені болды. Ол «Агрофирма TNK» ЖШС қолдауымен салынған. Бокс, күрес, волейбол және ойын спорт түрлеріне арналған залдары бар бұл ғимарат қазірдің өзінде ауыл жастарының басын қосатын орталыққа айналды. Бүгінде мұнда үш ауылдан келген 160 мектеп оқушысы жаттығады.

«Мұнда күрес, бокс, волейбол сияқты спорт түрлері дамытылып жатыр. Екінші қабатта спортшыларға арналған тұрғын аймақ ашу жоспарлануда. Бірінші қабатта медпункт, жаттықтырушылар кабинеті және киім ауыстыратын бөлмелер жұмыс істейді. Ауданы 1100 шаршы метр болатын үлкен залда бір мезгілде бірнеше жаттығу өткізуге мүмкіндік бар. Өзім Уәлиев атындағы спорт мектебінің түлегімін, бүгін осы жаңа мектепті басқару мүмкіндігіне ие болғаныма мақтанамын», – деді кешен директоры және облыстың жастар ісі жөніндегі бас жаттықтырушысы Олжас Сұлтанбеков.

Жақсы жері Қазақстанға әлем чемпионы Дина Жоламан мен азиялық турнирлердің жүлдегерлері Қасымовтар бауырлары сынды бірқатар танымал спортшыларды сыйлады.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов бизнес қолдауының әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы маңызды рөлін атап өтті: «Бүгінгі оқиға – жай ғана жаңа ғимараттың ашылуы емес. Бұл – балаларымыз бен жастарымыздың болашағына қосқан үлес. „Агрофирма TNK“ ЖШС қолдауының арқасында ауылдық жерде спортпен айналысуға заманауи жағдай жасалды. Сенемін, дәл осы жерден Ақмола облысын және елімізді халықаралық ареналарда танытатын жаңа жұлдыздар өсіп шығады».

Одан кейін аймақ басшысы Жақсы аудандық ауруханасы жанынан ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығына барды. Орталық былтыр қараша айында іске қосылған және облыстың жеті ауданынан келген нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларға қызмет көрсетеді. Бас дәрігер Эльмира Нуралина өткен уақыт ішінде мұнда 98 бала ем алғанын, тағы 540 бала амбулаториялық көмекке жүгінгенін баяндады.

«Бізде 241 млн теңге сомасына алынған заманауи жабдықтар бар, мамандар арнайы оқудан өтті. Көпсалалы команда құрамында неврологтар, реабилитологтар, логопедтер, дефектологтар, психологтар жұмыс істейді. Бүгінде ата-аналар білікті көмекті елордаға бармай-ақ, үйінің жанынан ала алады», – деді дәрігер.

Әкім сондай-ақ былтыр салынған блокты-модульді қазандықтың жұмысымен танысты. Оның іске қосылуының арқасында аудан орталығында 5 қазандық оңтайландырылды. Әлеуметтік нысандар мен 17 көпқабатты тұрғын үй қосылды.

Жақсы ауданы бүгінде ауылды дамыту – тек жолдар мен инфрақұрылым ғана емес, балаларға деген қамқорлық екенін көрсетіп отыр. Мұнда спорт, денсаулық және бос уақытты тиімді өткізу шындыққа айналуда, ал жаңа мүмкіндіктер жастарды үлкен жетістіктерге жігерлендіруде.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
27.2 ° C
27.2 °
27.2 °
29 %
11kmh
0 %
Чт
27 °
Пт
24 °
Сб
11 °
Вс
7 °
Пн
8 °

Соңғы мақала