-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЗеренді ауданының ауылдарына таза ауызсу жеткізілуде

Зеренді ауданының ауылдарына таза ауызсу жеткізілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Зеренді ауданында ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмыстар елге заңсыз шығарылған активтерден қайтарылған қаражат есебінен жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл бұл мақсатта 13 жоба жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және таза ауызсуға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету.

«Ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамтуға арналған бұл жобалардың маңызы зор. Таза суға қолжетімділік – тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер етеді, тұрмыстық жағдайды жақсартады және отбасылар үшін қолайлы орта қалыптастырады. Осындай бастамалардың арқасында халық мемлекет қамқорлығын нақты сезініп отыр», – деді ішкі саясат бөлімінің өкілі.

Қазіргі таңда төрт елді мекенде жұмыстар толық аяқталды. Васильковка ауылында жаңа су құбыры желілері пайдалануға беріліп, сумен қамту мәселесі толық шешілді. Өзен ауылында су жеткізу жүйелері салынды.

Заречный ауылында алғаш рет орталықтандырылған су жүйесі орнатылып, Садовое ауылында да су желілерінің құрылысы тәмамдалды. Қазір тұрғын үйлерге су қалыпты режимде берілуде.

Қалған нысандарда жұмыстар жалғасып жатыр. Жобалардың толық іске асырылуы ауданның ауыл халқын сапалы ауызсумен қамту деңгейін айтарлықтай арттырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
93 %
4kmh
75 %
Сб
-0 °
Вс
-1 °
Пн
-3 °
Вт
-18 °
Ср
-16 °

Соңғы мақала