8.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЗеренді ауданында спорт және ойын алаңдары пайдалануға берілді

Зеренді ауданында спорт және ойын алаңдары пайдалануға берілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биылғы жылы Зеренді ауданында елді мекендерді абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аудандық бюджет есебінен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жалпы құны 93,5 млн теңгеге балалар, спорт және көпфункционалды алаңдар орнатылды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Жаңа демалыс және спорт нысандары бірқатар ауылдық округтерде салынды. Алексеевка ауылында көпфункционалды ойын алаңы орнатылса, Бұлақ ауылдық округінің Қарағай станциясында балалар ойын алаңы пайда болды.

«Бұл бастамалар балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне өте оңтайлы деп есептейміз. Осы жобаны қолға алған басшылыққа алғысымызды білдіреміз»,-деп қуаныштарын жеткізді тұрғындар.

Сондай-ақ, Қонысбай ауылдық округіндегі Гранитный ауылында және Күсеп ауылдық округінің Өркен ауылында да заманауи көпфункционалды алаңдар ашылды. Сейфуллин ауылдық округіне қарасты Бірлестік ауылында балаларға арналған спорт алаңы, ал Садовый ауылдық округіндегі Елікті ауылында спорт алаңы пайдалануға берілді. Сонымен бірге Зеренді ауылында үш бірдей балалар ойын алаңы салынды.

Бұл жобалардың барлығы ауыл тұрғындарына белсенді демалыс пен спортпен айналысуға ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған. Жаңа алаңдар заманауи стандарттарға сай жабдықталып, қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді.

Абаттандыру жұмыстары ауданның келбетін жақсартып қана қоймай, ауылдық аймақтарды дамытуға жаңа серпін беріп отыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, елді мекендерде қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар күшейтіле бермек

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
8.2 ° C
8.2 °
8.2 °
23 %
6kmh
0 %
Чт
8 °
Пт
7 °
Сб
7 °
Вс
5 °
Пн
9 °

Соңғы мақала