1.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЗаң мен тәртіп: қоғам қауіпсіздігіне бағытталған бастамалар

Заң мен тәртіп: қоғам қауіпсіздігіне бағытталған бастамалар

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында Президент бастамасымен енгізілген «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Басқарманың аға прокуроры Айым Алтай бұл бастаманың өңіріміздегі орындалу барысына тоқталды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Өңірде жалпы қылмыс деңгейі төмендегенімен, бірқатар проблемалық бағыттар әлі де бар. Прокурордың айтуынша, облыстағы қылмыстық ахуал 1,2 пайызға төмендеген, бұл құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесі.

Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басым бағыттардың бірі.

«Бүгінгі жастар – ертеңгі қоғамның айнасы. Сол себепті бұл топпен жұмысқа ерекше көңіл бөлудеміз. Облыста «Жас Ұрпақ» ұйымы құрылып, оны үш мыңнан астам оқушы таңдады. Тағы он мыңға жуық бала қосылуға дайын», – дейді Айым Алтай.

Президент атап өткендей, қылмыс салдарымен ғана емес, оның себебімен де жүйелі түрде күресу қажет. Бұл бағытта облыстық прокуратура терең талдау жүргізіп, профилактикалық тетіктерді күшейтуде.

Алкогольге байланысты қылмыстардың алдын алу үшін «Зиялы қауым» жобасы іске асырылған.

«Жоба 20 аудан мен 589 ауылды қамтыды. 98 ауылда биыл бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. 35 ауыл алкогольден толықтай бас тартты», – деді прокурор.

31 қазанда өңірде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Бұл шараның тиімділігі айқын сезілген.

«Акция аясында 450 тұрғын тегін заң көмегін алды. Көптеген мәселелер сол жерде шешілді. Жоба принциптері – ашықтық, қолжетімділік және нәтижеге бағытталу», – деп атап өтті.

Облыста жаңадан құрылған жобалық кеңсе барлық ведомстволардың күшін біріктіріп, тұрғындардың сенімін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды үйлестіреді.
Прокурор бұл туралы:

«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс істеу – қоғамда тұрақтылықты қалыптастыратын ең тиімді жол», – деп қорытындылады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
1.2 ° C
1.2 °
1.2 °
100 %
2kmh
75 %
Вт
5 °
Ср
4 °
Чт
-0 °
Пт
-2 °
Сб
0 °

Соңғы мақала