22.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарТельман ауылындағы мектеп 35 жылда алғаш рет жаңғыртылуда

Тельман ауылындағы мектеп 35 жылда алғаш рет жаңғыртылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Атбасар ауданына қарасты Тельман ауылындағы негізгі мектеп 35 жыл ішінде алғаш рет толықтай жөнделуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Бұған дейін тек әрлеу жұмыстары жүргізілсе, 2025 жылы күрделі реконструкцияға 350,4 млн теңге бөлінді. Жоба бір жылға жоспарланып, қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Мектепте жылу жүйесі, электр сымдары, инженерлік желілер мен кәріз толық ауыстырылды. Терезелер, есіктер жаңартылып, ішкі әрлеу жұмыстары жасалды.

Кабинеттерге жаңа еден төселіп, дәліздерге керамогранит орнатылды. Сыртқы қасбеті металл сайдингпен қапталып, бейнебақылау жүйесі мен өрт қауіпсіздігі сигнализациясы орнатылды.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Ольга Орлова атап өткендей, 1 қыркүйектен бастап оқушылар жаңарған кабинеттерде білім алады. Биология, физика және химия пәндері үшін үш заманауи кабинет дайындалған. Бұл жаңғыру ауыл балаларына сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған үлкен қадам болып отыр. тақырып керек

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
22.2 ° C
22.2 °
22.2 °
49 %
8kmh
0 %
Пн
22 °
Вт
26 °
Ср
27 °
Чт
20 °
Пт
21 °

Соңғы мақала