1.2 C
Kokshetau
Басты бет«Таза Қазақстан»«Таза өңір – жарқын болашақ»: Ақмола жастары экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосуда

«Таза өңір – жарқын болашақ»: Ақмола жастары экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Шортанды ауданында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастарды табиғатты қорғау ісіне тарту мақсатында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Жиында мектеп оқушылары, колледж студенттері мен экология мамандары қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Аудан әкімі Сағындық Шабаров экологиялық жауапкершілік – әр азаматтың парызы екенін атап өтті.

«Таза табиғат – ел болашағының кепілі. Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі жастардың белсенділігіне байланысты», – деді ол.

Кездесуден кейін дөңгелек үстел қатысушылары Жастар аллеясында экологиялық акция ұйымдастырып, 80 түп ағаш отырғызды. Акцияға 150-ден астам адам – депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, студенттер, оқушылар және волонтёрлер қатысты. Шараға Guinness рекордтар кітабының бірнеше дүркін рекордшысы Сергей Цырульников арнайы келіп, жастарға үлгі боларлық үндеу жасады.

«Табиғатты қорғау әр адамның борышы. Ағаш отырғызу тек экологиялық іс емес, бұл келер ұрпаққа қалдырған аманат», – деді ол.

Биылдың өзінде Шортанды ауданында 500 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, 600-ге жуық ағаш егілген. Бұл – тұрғындардың табиғатты қорғауға деген жоғары қызығушылығының айғағы.

Қатысушылардың айтуынша, әр отырғызылған ағаш – болашаққа қосылған үлес. «Таза өңір – жарқын болашақ» жобасы бір күндік шара емес, жасыл болашаққа жол ашатын тұрақты қозғалысқа айналып келеді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
1.2 ° C
1.2 °
1.2 °
86 %
4kmh
0 %
Ср
3 °
Чт
9 °
Пт
11 °
Сб
9 °
Вс
6 °

Соңғы мақала