-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСтепногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 13 қарашадағы өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, сондай-ақ мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Степногорск қаласының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Степногорск қаласының жаңа әкімін облыс әкімінің бірінші  орынбасары Елдос Рамазанов қала активіне таныстырды.

Елдос Рамазанов бұрынғы әкім Алпысбай Қайыржановқа алғысын білдіріп, жаңа әкімге сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Гайдар Қасеновке қаланы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.

«Бүгінгі күні жылыту маусымында қала әкімі үшін ең басты міндет – халықты және әлеуметтік нысандарды жылумен үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету. Сондай-ақ, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын аяқтау және оларды уақытында іске қосу ерекше бақылауда болуы қажет», — деп атап өтті Е.Рамазанов.

Сонымен қатар, Степногорск қаласының әкімдігіне инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрғын үй құрылысы бойынша нақты жұмыстар жүргізу тапсырылды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
80 %
0kmh
0 %
Ср
-1 °
Чт
-0 °
Пт
-4 °
Сб
-3 °
Вс
-2 °

Соңғы мақала