19.9 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарШалғайдағы ауылда заманауи дәрігерлік амбулатория салынып жатыр-Ақмола облысы

Шалғайдағы ауылда заманауи дәрігерлік амбулатория салынып жатыр-Ақмола облысы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жарқайың ауданының Пятигорск ауылында жергілікті тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қолға алынған. Жоба мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Жаңа амбулаторияда жақын маңдағы алты елді мекеннің тұрғындарына, шамамен 1800 адамға медициналық көмек көрсетіледі. Мекеме бір ауысымда 28 науқасқа дейін қабылдай алады, бұған қоса, 5 төсек орны бар күндізгі стационар жұмыс істейтін болады. Бұл науқастарға мамандандырылған көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызу қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл жобаға қаржыландыру толық көлемде бөлінген. Құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда амбулаторияның іргетасы қаланып, қабырғалары тұрғызылып жатыр. Құрылысшылар шатыр орнату және ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарына дайындық жүргізуде. Пятигорск ауылының әкімі Гүлсағат Мұрашқызы жаңа медициналық нысанның ауыл үшін маңызды екенін атап өтті.

«Ауылда дәрігерлік амбулаторияның салынуы біз үшін үлкен қуаныш. Бұл ауыл тұрғындарына негізгі медициналық көмекті өз жерінде алуға мүмкіндік береді, осылайша аудан орталығына баруға уақыт пен қаражат жұмсаудың қажеті болмайды», — дейді ол.

Нысанды 2025 жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарланған. Сол кезде ауыл және жақын маңдағы елді мекен тұрғындары үшін сапалы медициналық қызмет қолжетімді бола түспекші.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
19.9 ° C
19.9 °
19.9 °
53 %
1.3kmh
32 %
Вс
20 °
Пн
29 °
Вт
30 °
Ср
21 °
Чт
22 °

Соңғы мақала