-31.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСергеевкалық кәсіпкер Еркін Майкеннің табыс тарихы

Сергеевкалық кәсіпкер Еркін Майкеннің табыс тарихы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Атбасар ауданының Сергеевка ауылындағы шағын ғана шаруа қожалығының иесі Еркін Майкеннің өмір жолы бір қарағанда қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ оның хикаясы – ауылдағы кәсіптің табысқа апаратын қысқа жолы жоқ екенін, табандылық пен еңбектің ғана нәтиже беретінін анық дәлелдейді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Пандемияға дейін Еркін Алматыда тұрып, жұмыс істеген. Ауылға қайту туралы ой да болмаған. Бірақ 2020 жылдың көктемінде қатаң локдаун енгізіліп, қала тіршілігі тоқтаған сәт бәрін өзгертті. Дәл сол кезде әкесі телефон шалып, ауылға қайтуды ұсынған. Сөйтіп Еркін туған ауылына оралып, сол жерде өміріндегі ең қиын әрі ең маңызды ісін бастайтынын өзі де сезбеген.

Еркіннің мәлімдеуінше, бастапқыда ол жылқыны дұрыс бағуға да, саууға да, жұмыс кестесін құруға да үйренбеген. Бірінші жыл аса ауыр өтті. Жылқышы мен сауыншы табу қиын болды – уәде беріп, шықпай кететіндер көп болған.

«Алғашында бие шамамен 100–200 грамм ғана сүт беретін. Жақсы бие 1–2 литр береді. Ал менікінің көбі үйренбеген, түзден келген, асау болатын», – дейді ол.

Бірте-бірте тәжірибе артты. Сүт көлемі көбейді, сатылымға жарамды дайын қымыз шыға бастады. Күніне 20–30 литр, кейде 40 литрге дейін жететін. Бірақ алғашқы жетістіктің өтеуі де ауыр болды. Еркіннің жұмыс күні таңғы төртте басталып, түн ортасында аяқталатын.

Үшінші жылы әкесімен бірге шаруаны кеңейту туралы шешім қабылдап, «Ауыл аманаты» бағдарламасына құжат тапсырды. Бұл — Еркіннің айтуынша, маңызды, бірақ күрделі кезең болды.

«Көпшілік оны «жеңіл ақша» деп ойлайды.  Құжат үшін Көкшетауға дейін жеті рет бардық. Үй мен көлікті кепілге қойдық. Соңында 4 миллион 950 мың теңге мақұлданды. Ақшаны қолма-қол алған жоқпын – бағдарлама талабы солай. Сол қаржыға сегіз бие мен құлын алдық, жем-шөп сатып алдық, барлық құжатты рәсімдедік. Мал міндетті түрде чиптелуі керек, таңбасы болуы керек. Біз бәрін ашық жасадық, тексерістен де қорықпадық», – дейді ол.

Бірақ 2023 жыл ауыр сын болды. Қар аралас жаңбыр мен күрт суық малды әлсіретіп, көктемде құлын алу қиынға соқты. Көптеген құлын әлсіз туып, шығын көбейді. Уақыт өте көмекші-доярка табылып, табындағы малдың біразын сақтап қалды. Қазір шаруашылықтың негізгі мәселесі – сату.

«Біз литрін 1 400–1 500 теңгеден сатамыз, сапасына жауап береміз. Ал біреулер мың теңгеге береді. Бірақ ол шын қымыз ба? Соңғы маусымдар алғашқы жылдардан да қиын болды», – дейді Еркін.

Еркін Майкеннің жолы – тез байып кетудің тарихы емес. Бұл – ауыл еңбегінің, табандылық пен жауапкершіліктің тарихы. Мемлекеттік бағдарламалар тек құжа-т жүзінде емес, нағыз еңбектің үстіне қосылғанда ғана пайда әкелетінін дәлелдейтін мысал.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
broken clouds
-31.8 ° C
-31.8 °
-31.8 °
100 %
1.8kmh
68 %
Ср
-23 °
Чт
-21 °
Пт
-19 °
Сб
-14 °
Вс
-13 °

Соңғы мақала