-4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСанитариялық қызметке арналған саналы ғұмыр

Санитариялық қызметке арналған саналы ғұмыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көктемнің көрікті мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қоғам игілігі жолында табанды еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін атап өткіміз келеді. Солардың бірі – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі маман Фарида Әлімжанова, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. 

Фарида Шәмшиқызы бүгінде Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында санитариялық-гигиеналық бақылау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарады.

Оның еңбек жолы табандылық пен жауапкершілікке толы. 1985 жылы Көкшетау медициналық училищесін санитарлық фельдшер мамандығы бойынша тәмамдаған ол сол кезден бастап санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Алғашқы еңбек жолын аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станцияда санитарлық дәрігердің көмекшісі ретінде бастап, кейін эпидемиолог дәрігердің көмекшісі, коммуналдық гигиена саласының маманы, өнеркәсіптік гигиена нысандарын қадағалау жөніндегі жетекші маман секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарды.

Көп жылғы тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында ол санитариялық бақылау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосты. Қоғам денсаулығын қорғау, санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру оның күнделікті қызметінің негізгі бағытына айналды.

Әріптестері Фарида Шәмшиқызын өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, сабырлы да байыпты маман ретінде ерекше құрметтейді. Оның кәсіби жолы – табандылықтың, еңбекқорлықтың және мамандыққа деген шынайы құрметтің айқын көрінісі.

«Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет – ең алдымен адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауап беретін сала. Әрбір талап пен бақылау шарасы тұрғындардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан бұл жұмыста ұқыптылық пен адалдық аса маңызды», –деп тілге тиек етті Фарида Шәмшиқызы.

Қырық жылдан астам уақытқа созылған еңбек жолында ол жинақтаған тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп, оларға бағыт-бағдар беріп келеді. Осындай кәсіби әрі адамгершілік қасиеттері оны әріптестері арасында сыйлы тұлғаға айналдырды.

Халық денсаулығын қорғау жолында адал еңбек етіп жүрген Әлімжанова Фарида Шәмшиқызы – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің сенімді өкілінің бірі. Көктем мерекесі қарсаңында оны және салада қызмет атқарып жүрген барша нәзік жандарды шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасы амандығын және еңбектеріне толайым табыс тілейміз.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-4 ° C
-4 °
-4 °
93 %
4.4kmh
100 %
Чт
-4 °
Пт
-4 °
Сб
1 °
Вс
-1 °
Пн
-9 °

Соңғы мақала