-13.5 C
Kokshetau
Басты бетБрифингСанитариялық қызмет ескертеді: тағам қауіпсіздігін сақтаңыз

Санитариялық қызмет ескертеді: тағам қауіпсіздігін сақтаңыз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында тағамнан уланудың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылды қадағалау және профилактикалық іс-шаралардың қорытындылары туралы брифинг барысында Ақмола облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Ақмола облысында жаппай тағамнан уланудың екі жағдайы – Бурабай және Ерейментау аудандарында анықталған. Жалпы алғанда 20-дан астам адам зардап шеккен, олардың шамамен 15-і – балалар.

Әрбір оқиға бойынша санитариялық қызмет тарапынан эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілді. Жедел әрекет ету аясында қоғамдық тамақтану объектілерінде жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылып, тұрмыстық ошақтарда эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ тағам өнімдерінің, ауыз судың және биологиялық материалдардың сынамаларына зертханалық зерттеулер жасалды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері өңірде қоғамдық тамақтану объектілеріне барып жүргізілген шамамен 25 профилактикалық бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексерілген барлық нысандардан санитариялық талаптардың бұзылуы анықталды. Бұдан бөлек, азаматтардың өтініштері бойынша 50-ге жуық жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Сәуле Сәдуакасованың мәлімдеуінше, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысындағы басты басымдық – профилактика және қауіп-қатерлердің алдын алу.

«Санитариялық талаптарды сақтамау және бұрын берілген ұсынымдарды елемеу бақылау шараларын күшейтудің негізгі себептеріне айналып отыр. Біздің басты міндетіміз – халықтың денсаулығын қорғау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу», – деді ол.

Жаңа жыл мерекелері қарсаңында санитариялық дәрігерлер тұрғындарды корпоративтік және отбасылық іс-шаралар кезінде ерекше сақ болуға шақырады. Бұл кезеңде тағамнан улану қаупі дәстүрлі түрде арта түседі. Бұл көбіне тағамды көп мөлшерде дайындау, дайын асты ұзақ уақыт сақтау, сондай-ақ оны тасымалдау және қайта пайдалану жағдайларымен байланысты.

Мамандар санитариялық талаптарды, өнімдерді сақтау шарттарын және жарамдылық мерзімдерін қатаң сақтауды ұсынып, денсаулыққа төнетін қауіптің алдын алуға шақырады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
-13.5 ° C
-13.5 °
-13.5 °
92 %
4.4kmh
27 %
Чт
-13 °
Пт
-5 °
Сб
-4 °
Вс
-15 °
Пн
-8 °

Соңғы мақала