-14.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСандықтау ауданында таза ауыз суға қолжетімділік артып келеді

Сандықтау ауданында таза ауыз суға қолжетімділік артып келеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ауданда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Ауданда кешенді су тазарту блок-модульдерін орнату жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылым мүмкіндігі едәуір кеңейіп келеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Өткен жылы «Шин Мир Рас» ЖШС Бастрымовка, Қызыл-Қазақстан, Дорогинка және Мәдениет ауылдарында жаңа блок-модуль қондырғыларын орнатты. Жоба құны — 100 млн теңге.

Ал 2025 жылы бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, «Арх Строй Комплекс» ЖШС Новоселовка, Меньшиковка және Преображенка ауылдарын су тазарту модульдерімен қамтамасыз етті. Аталған жобалардың жалпы құны 76,5 млн теңгені құрады.

Ауылдық жерлерді сапалы ауыз сумен қамтудың тиімділігіне тоқталған аудан әкімдігі өкілдері:

«Таза су — ауылдың дамуы мен халық денсаулығының негізгі кепілі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жоспарлы түрде әрі уақытылы атқару — біздің басты міндетіміз», — деп атап өтті.

Барлық жобалар «Таза су – сапалы өмірдің қайнар көзі» мемлекеттік бағдарламасы (2020–2027 жж.) аясында іске асырылып жатыр. Бағдарлама шалғай елді мекендерге таза суды қолжетімді етуге бағытталған.

Заманауи блок-модульді қондырғылардың іске қосылуы аймақтағы су сапасын айтарлықтай жақсартты.

Су тазарту қондырғыларының үздіксіз жұмыс істеуі әсіресе халық саны аз, шалғай ауылдар үшін өте маңызды. Жобаның жүзеге асуы ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, инфрақұрылымдық даму қарқынын күшейтіп отыр.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-14.8 ° C
-14.8 °
-14.8 °
78 %
8kmh
100 %
Пн
-14 °
Вт
-18 °
Ср
-14 °
Чт
-8 °
Пт
-6 °

Соңғы мақала