15.2 C
Kokshetau
Басты бет«Таза Қазақстан»Первомайка ауылында ауыз су мәселесі шешім табуда

Первомайка ауылында ауыз су мәселесі шешім табуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Астрахан ауданына қарасты Первомайка ауылының тұрғындары енді таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұл бағытта маңызды жоба жүзеге асырылуда. Аталған жоба ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Бұл елді мекенде су құбыры желілерін салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Құрылысқа жауапты мердігер – «Ақ Нұр Астана 2005» ЖШС, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Астрахан ауданы Ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, халқы 1000-нан асатын ауыл тұрғындары көп ұзамай таза ауызсуға қол жеткізеді.

«Бүгінде жобаның негізгі бөлігі аяқталып, бірнеше маңызды жұмыс атқарылды. Ауыл ішілік су жүйелері тартылып, сорғы станциясының ғимараты тұрғызылды, аумақ қоршалып, негізгі магистральді су құбыры салынды»,-деп хабарлады.

Сондай-ақ, су құбыры жүйесінің іске қосылуы ауыл тұрғындарының өмір сапасын айтарлықтай жақсартады. Бұл тек тұрмыстық қолайлықты арттырып қоймай, санитарлық жағдайға, денсаулық сақтау саласына және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізбек.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында. Жоба нысанын пайдалануға беру жақын арада жоспарланып отыр.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
15.2 ° C
15.2 °
15.2 °
55 %
8kmh
40 %
Вт
17 °
Ср
17 °
Чт
18 °
Пт
16 °
Сб
19 °

Соңғы мақала