-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарПаралимпиадашы Давид Дегтярев рекорд жаңартты

Паралимпиадашы Давид Дегтярев рекорд жаңартты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының спортшысы Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында екі бірдей алтын медаль жеңіп алды. Египетте өткен жарыста 170 кг салмақты көтеріп, жеке рекордын жаңартты, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.

Қазақстан құрамасы жарысты жоғары нәтижемен аяқтап, алтын, күміс және қола медальдарға ие болды. Жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Давидтің жеңісі ұлттық құрама үшін маңызды жетістік болып, бүкіл Ақмола облысы үшін үлкен мақтанышқа айналды.

«Келесі жылы Азия және Мұхит елдерінің чемпионатына дайындаламыз. Одан кейін Азия ойындары өтеді — бұл басты жарыс. Бұл чемпионат лицензиялық болғандықтан, біз рейтингке ендік. Енді осы нәтижені сақтап, Паралимпиада ойындарына жолдама алуымыз қажет», — деді Давид Дегтярев.

Сонымен бірге, облыс әкімі Марат Ахметжанов спортшыны жеңісімен құттықтап, оның табысы өңір жастарына шабыт беріп, Қазақстан спортының абыройын асқақтатып отырғанын атап өтті.

Давид Дегтяревтің жеңісі Ақмола облысының спорттық әлеуетін тағы бір дәлелдеді. Өңірден шыққан табанды да мақсатшыл спортшылар еліміздің атын әлемге танытып келеді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
86 %
3kmh
75 %
Сб
0 °
Вс
-1 °
Пн
-3 °
Вт
-17 °
Ср
-13 °

Соңғы мақала