3.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚосшыда газдандыру бойынша ауқымды жоба басталды

Қосшыда газдандыру бойынша ауқымды жоба басталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қосшы қаласында газдандыру бойынша ауқымды жоба басталды. Бұл жоба энергетикалық инфрақұрылымды түбегейлі өзгертеді және тұрғындардың өмір сапасын арттырады деп күтілуде. 2024–2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 11,3 миллиард теңге сомасындағы жобаның жұмысын «Алия-Сервис» ЖШС жүргізуде. Қазіргі уақытта компания газ құбыры мен газ тарату желілерін салуға кірісіп, жұмыс кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 408,7 шақырым газ құбырларынан тұратын кешенді жүйе құрылмақ. Бұл жүйеге 2 шақырым жоғары қысымды газ құбыры, 38,8 шақырым ішкі аула газ құбырлары, 367,9 шақырым төмен қысымды газ құбырлары кіреді. Сонымен қатар, 43 шкафты және 1 блокты газ реттегіш пунктін орнату жоспарланған.

Жоба аясында шамамен 15 мың абонентті газбен қамту көзделуде, бұл Қосшы қаласының даму жоспарына кіреді.

Осы жылға арналған жобаны жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 4 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде, газ құбырларының 51,4 шақырымы төселді.
Қазіргі уақытта нысанда 58 маман еңбек етуде.

Қосшы қаласын газдандыру – бұл тұрғындардың тұрмыстық жағдайларын жақсартумен қатар, қала инфрақұрылымының дамуына жаңа серпін береді. Жобаның жүзеге асырылуы энергия тиімділігін арттыруға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға және инвестициялар тарту мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.
Бұл бастама Қосшы қаласының жайлы әрі заманауи қала ортасын құрудағы маңызды қадам болып табылады және қала дамуының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
3.2 ° C
3.2 °
3.2 °
93 %
3kmh
100 %
Ср
2 °
Чт
-0 °
Пт
-2 °
Сб
1 °
Вс
1 °

Соңғы мақала