-1.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингОрман қауіпсіздігі нығайтылады: Ақмола өңірі келесі маусымға дайындықты бастады

Орман қауіпсіздігі нығайтылады: Ақмола өңірі келесі маусымға дайындықты бастады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бақылау инспекциясы биылғы өрт маусымының нәтижелерін жариялады. Мәліметтерге қарағанда, өңірде орман өрттерінің саны мен келтірілген залал өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман бөлімінің басшысы Абзал Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Облыстың жалпы аумағы 14,6 млн гектарды құраса, оның шамамен 1,06 млн гектары – орман қоры. Орманмен жабылған аумақ 445 мыңға жуық гектардан асады. Облыс ормандарының тең жартысынан көбі – қылқан жапырақты ағаштар, ал жалпы ормандылық деңгейі небәрі 2,6 пайыз.

Спикердің мәлімдеуінше, биылғы жылғы өрт маусымында облыста 25 орман өрті тіркелген. Жанып кеткен аумақ жалпы 40 гектарға жуық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп. Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ, жануарлар дүниесіне де тікелей зиян келмеген.

«Өрттердің негізгі себебі – найзағай. Табиғи құбылыстар биылғы жылы ерекше белсенді болды. Сонымен қатар бір өрт халықтың бейқамдығынан туындаса, 12 жағдайдың себебі әлі анықталмаған. Бұл істер құқық қорғау органдарына жіберілді»,-деді орман бөлімінің басшысы.

Инспекция өрт қаупін төмендету үшін минералданған жолақтар салу мен күтіп ұстау, орман алқаптарын тазалау сияқты шараларды жоспарға сай орындағанын мәлімдеді. Биыл 1655 км жаңа жолақ жасалып, 66 мыңға жуық км-ден астам аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

«Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 33 тұлғаға 1,9 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Кейбір орман мекемелері осы күнге дейін айыппұлдарын төлемеген»,-деп қосты басшы.

Инспекцияның айтуынша, 5 жасырылған орман өрті анықталған. Бұл өрттер орман иеленушілер тарапынан дер кезінде хабарланбаған және міндетті тәртіп өрескел бұзылған. Мұндай жағдайларды анықтауға спутниктік мониторинг үлкен көмек көрсетіп отыр.

Өрт маусымында «Қазәуеорманқорғау» тікұшақтары 629 сағаттан астам әуеде болып, бақылау жүргізді. Нәтижесінде орман өрттерінің үштен бірі дәл осы әуе патрулі арқылы уақытылы анықталған.

Қыс маусымы – салыстырмалы түрде тыныш кезең. Инспекция бұл уақытты келесі өрт маусымына сауатты дайындалу үшін тиімді пайдалануды жоспарлап отыр.

«Алдағы уақытта мамандарды оқыту, техниканы жөндеу, байланыс жүйелерін қалпына келтіру және орман алқаптарын тазалау басты басымдық болмақ»,-деді Құсайынов.

Ақмола облысының ормандары – табиғи байлықтың маңызды бөлігі. Сондықтан инспекция орман заңнамасының бұзылуына жол бермеу және өрт қауіпсіздігін арттыру бағытындағы бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-1.8 ° C
-1.8 °
-1.8 °
93 %
4kmh
100 %
Вт
3 °
Ср
5 °
Чт
4 °
Пт
-0 °
Сб
1 °

Соңғы мақала